Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет36/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

17-сурет. Phytophthora

Жіпшелер клетка аралығымен таралып, бірнеше күннен кейін леп саңлауынан саңырауқұлақтың жаңа зооспоралары шығып, ауруды таратады. Сонымен вегетациялық кезеңде саңырауқұлақ бірнеше ұрпақ береді. Қолайлы жағдайда инкубациялық кезеңнің ұзақтығы – 4 күн. Топыраққа түскен зооспоралар түйнекке жара- қат, көзшелер арқылы еніп, клетка аралығымен таралып, сонда қыс- тайды.


Залалданған түйнектер қоймада сақтау кезеңінде шіриді. Саңы- рауқұлақтың дамуына 100% жуық ылғалдық жəне 25-30ºС дейінгі температура қолайлы. Егер далада температура 30ºС жоғары ауа температурасында дамуын тоқтатады, бірақ қолайлы жағдай туса, онда қайта дамиды.
Пероноспора тұқымдасы – Peronosporaceae. Бұл саңырауқұлақ- тардың барлығы облигатты паразиттер, тар шеңберге жататын өсім- діктерді залалдап, жалған ақ ұнтақ немесе пероноспороз ауруын қоздырады. Саңырауқұлақтардың жіпшумағы жақсы дамыған, тар- мақталған, өсімдік клеткасы аралығымен тарайды да, оның ішіне гаусторийлары арқылы енеді.
Жыныссыз көбеюі конидиялармен, ал жыныстысы ооспорамен өтеді. Конидия тасушылары мен конидиялар леп саңлауы арқылы жапырақтың астыңғы бетіне шығып, сұр өңез түзеді. Конидиядан кейде жоғары ылғалдықта зооспоралар түзіледі. Ооспоралар жапы- рақ ішінде түзіліп, өсімдік қалдықтарында 2-3 жылға дейін тір- шілігін сақтайды. Көпжылдық өсімдіктерде, тамыржемісте, пияз- шықта, өркендерде жəне т.б. саңырауқұлақ жіпшелері сақталады. Конидия тасушылар мен конидиялардың айырмашылықтары бо- йынша пероноспора саңырауқұлақтары туыстарға бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет