Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет38/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

19-сурет. Peronospora

Peronospora туысының конидия тасушылары екіге бөлініп (ди- хотомиялық) бұтақтанады, үшінші, төртінші реттегі бұтақтары сəл иіліп, ұштанған (19-сурет). Конидиялар жалғыздан жеке орналас- қан, пішіні сопақ, кейін жіпшеге өнеді. Олар нағыз конидиялар. Бұл саңырауқұлақтар пероноспороз (жалған ақ ұнтақ) ауруын туғызады.


Pseudoperonospora туысының сипаттамасы жоғарыдағыдай, тек конидиялары зооспораға өнеді (20-сурет).


20-сурет. Pseudoperonospora

Bremia туысының саңырауқұлақтары конидия тасушыларының соңғы бұтақ тармағы алақан тəрізді кеңіп, тармақ ұшында шар тəріз- ді конидиялар түзіліп, соңғылар жіпшеге өнеді (21-сурет). Негізінде гүлді шөптерді залалдайды.



21-сурет. Bremia


Альбуго тұқымдасы – Albuginaceae жоғарғы сатыдағы өсім- діктердің облигатты паразиттері. Жіпшумағы жақсы дамып, клетка аралығына таралып, гаусторийлары клетка ішіне енеді. Залалданған ұлпа қарқынды өсіп, эпидермис астында зооспорангийлері тізбек- теліп түзіліп, оның ішінде зооспоралар болады. Зооспоралар бүйрек тəрізді, екі талшығы бар. Ооспоралары шар тəрізді, қалың қабықты, өнгенде зооспора береді.
Albugo туысының саңырауқұлақтары өсімдіктің түрлі мүшеле- рін залалдап, ақ тат ауруын қоздырады. A.candida түрі крестгүл- ділерді залалдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет