Тат саңырауқұлақтарының толық жəне жартылай циклмен дамуы деген
не?
Дейтеромицеттер класы (DEUTEROMYCETES)
жетілмеген саңырауқұлақтар
Класта 25 мыңнан аса саңырауқұлақ түрлері бар. Жіпшумағы күрделі, жақсы дамыған, тек ашытқы саңырауқұлақтарында веге- тативті дене бүршіктенетін клеткалардан тұрады.
Жетілмеген саңырауқұлақтар негізінен аскомицеттерден, кей- біреулері базидиомицеттерден тараған. Бұл саңырауқұлақтардың жынысты кезеңдері біртіндеп жойылып, тек жыныссыз дамитын жетілмеген топ қалыптасқан. Көбеюі негізінен конидиялар арқы- лы өтеді. Кейбір саңырауқұлақтарда жынысты споралар болады, бірақ олар саңырауқұлақтың көбеюінде шешімді рөл атқармайды, сондықтан бұл саңырауқұлақтар дейтеромицеттерге топтасады (38-сурет).
38-сурет. Конидия түрлері
Дейтеромицеттер класы саңырауқұлақтары топырақ пен өсім- дік қалдықтарында сапрофты ал өсіп-өркендеген өсімдікте пара- зитті өмір сүреді. Сапротрофтар органикалық заттардың ыдыра- уына қатысады. Кейбір саңырауқұлақтар антибиотиктер түзеді немесе басқа фитопатогенді саңырауқұлақтардың антогонистері болып табылады.
Көп түрлер өсімдіктің зиянды ауруларын қоздырып, түрлі ші- ріктер, дақтар, антракноз немесе жара, солу жəне т.б. туғызады. Бұл саңырауқұлақтар конидия, кейбіреуі склероция, басқалары сте- рилді жіпшумақ түзіп дамиды. Конидиялардың түзілу реті бойын- ша бұл саңырауқұлақтар қатарға, тұқымдасқа, туысқа бөлінеді (7-кесте). 7-кесте