Кəдімгі қияр мозаикасы. Ауру қоздырғышы – Cucumis mosaic virus (Cucumis virus 1 Smith.) вирусы (139-сурет). Қоздырғыш құр- ғақшылыққа төзімсіз келеді. Өсімдік шырынында 4 күнге дейін сақталып, ал 60-70°С температурада 10 минутта инактивацияла- нады (жансызданады).
139-сурет. Кəдімгі мозаика
Вирус бітелер арқылы өсімдіктен өсімдікке таралып, арам- шөптердің (дала қалуені жəне т.б.) тамырында қыстап шығады. Қоздырғыш барлық асқабақ тұқымдасына жататын өсімдіктерді, қызанақты, қалуенді т.б. залалдайды.
Залалданған өскіннің тұқым жарнағы сарғайып, өсіп жетілген өсімдіктерде хлороз байқалады. Негізгі жүйкені бойлаған ұлпалар ашық жасыл, ал жүйке аралықтарында сары түсті дақтар пайда болады. Жапырақтар қыртыстанып өсімдіктің өсуі саябырлап, кей- де қурайды. Өсіп-өнген өсімдіктердің жапырақтары хлорозданып, жеке бөліктері қурап, жансызданады. Аурудың əсерінен өсімдіктің аналық гүлдері аз түзіледі.
Жемісте сары-жасыл теңбілділік байқалады. Кейде жеміс түгел сары-жасыл түсті болып, кейбір жағдайларда қияр жемісінің өз түсі (қоңыр-жасыл) дөңес дақ түрінде сақталады. Ауру жемістер хлорозданып, түгел ағарып, жасыл түс тек майда сүйел түрінде болуы мүмкін. Залалданған өсімдіктер жиі солып, гүлдері қурап, желі сабақтары сарғаяды. Өсімдікке қолайсыз жағдайда, бұл кесел дами түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |