Жидек дақылдарының аурулары Бүлдірген аурулары
Саңырауқұлақ аурулары
Ақ дақ. Ауру қоздырғышы – Mycosphaerella fragariae Sacc., ал конидиялы кезеңінде – Ramularia tulasnei Sacc. саңырауқұлағы (168-сурет). Дақ үстінде конидия тасушылар мен конидиялардан тұратын селдір, ақ түсті өңез пайда болады. Топталып шыққан түссіз конидия тасушылардың жоғарғы бөлігі сəл жіңішкерген, конидиялардың пішіні цилиндр тəрізді, түссіз, 1-3 клеткалы.
168-сурет. Ақ дақ
Жаз бойы ауру конидиялармен таралады да, кейін майда склероцийлар түзіліп, олар қураған жəне жасыл жапырақтарда қыстап шығады. Көктемде склероцийлар өніп, конидиялар түзеді. Жапырақта қыстап шыққан жіпшелерде де конидиялар пайда болады. Қураған жапырақтағы дақтарда кейде псевдотецийлер тү- зіледі. Оның қалталары цилиндр тəрізді, қалтаспоралары түссіз, екі клеткалы. Көктемде аскоспоралар өсімдікті залалдайды. Саңырау- құлақтың инкубациялық кезеңі 10-15 күнге созылады да, алғашқы белгі білінуден 7-9 күннен соң дақ үстінде конидиялар түзіледі. Жиі отырғызылған өсімдіктерде, органикалық заттары мол немесе ауыр топырақтарда кесел қатты дамиды. Жылы, ылғалды ауа райы аурудың таралуына қолайлы жағдай туғызады. Саңырауқұлақ 20- 220С температурада жақсы дамиды.
Өсімдіктің барлық жер үсті бөлігі ауруға шалдығады. Бүл- діргеннің жапырағында бұрышты немесе дөңгелек, қызыл-қоңыр дақтар пайда болады. Дақтар кейін ағарып, қоңыр-қызыл жиекпен
жиектеліп, бір-бірімен қосылады, кейде олардың ортасы үгітіліп түседі. Сағақтарды, сабақты, мұртшаларды бойлап түзілген қоңыр дақтардың ортасы кейін бозарады.
Қоңыр дақ. Ауру қоздырғышы – Fabraea fragariae Kleb., кони- диялы кезеңінде Marssonina potentillae P. Magn. f.fragariae Ohl. саңырауқұлағы (169-сурет). Конидиялары ұзынша келген шоқпар тəрізді, түссіз, екі клеткалы.
Қоздырғыш желмен, насекомдармен таралады. Өсімдіктің жас жапырақтарына қарағанда, ескілері тез залалданады. Саңырауқұлақ негізінен жіпше, кейде жас жапырақтарда конидия көпшікшелері түрінде қыстап шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |