174-сурет. Ақ ұнтақ (америкалық) Қосымшалары қарапайым, шар тəрізді клейстотецийлерде бір қалта түзіліп, ішінде 8 бір клеткалы қалтаспоралар пайда бола- ды. Жетілген қалтаспоралардың қалтадан босануы көктемде бас- талып, 1-1,5 айға созылып, қарлығанды залалдайды. Вегетациялық кезеңде саңырауқұлақ бірнеше (кейде 10-ға жуық) ұрпақ беріп, ау- руды таратады. Қоздырғыштың дамуына қолайлы жағдай 17-280С температура жəне жəне 90-100% ылғалдылық. Инкубациялық кезең
– 12-14, кейде 3-4 күн. Кесел ойпаң, ылғалы мол жерлерде қатты дамиды.
Саңырауқұлақ жіпшумағы залалданған өркендерде, ал клей- стотецийлері өсімдік қалдықтарында қыстайды. Қоздырғыш қар- лығанмен қатар қарақаттың барлық түрлерін залалдайды.
Ауруға өсімдіктің жас мүшелері мен ұлпалары, біржылдық өркендердің ұштары, жас жапырақтары жəне көк түйіндері шал- дығады.
Өсімдік гүлдеген соң, аурудың белгісі мол ақ ұнтақты өңез тү- рінде барлық залалданған мүшелерде білінеді. Тығыздалған сұр- ғылт түсті өңез үстінде кейін шар тəрізді жеміс денелер – клейсто- тецийлер түзіледі.
Залалданған жидектер мен жас өркендердің ұштары киізді өңезбен жабылып, бұтақтары қисайып, буын аралықтары қысқа- рып, жапырақтары ширатылып, өсімдіктің өсуі саябырлайды.
Антракноз. Ауру қоздырғышы – Gloeosporium ribis Mont. et Desm. – конидиялы, ал қалталы кезеңі – Pseudopeziza ribis Kleb. саңырауқұлағы (175-сурет). Оның қызыл, қара қарақат түрлеріне сəйкес – G.f.rubri Kleb., G.f.nigri Kleb жəне қарлығанға – G.f.gros- sularia Kleb сияқты арнайы бейімделген формалары белгілі.