Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


Таңқурай аурулары Саңырауқұлақ ауруы



бет264/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Таңқурай аурулары Саңырауқұлақ ауруы


Қошқыл-қызыл дақ (дидимелла). Ауру қоздырғышы – Didy- mella applanata Sacc. саңырауқұлағы (177-сурет). Қоздырғыштың псевдотецийлері жайпақ, түсі қара, диаметрі 150-170 мкм. Қалта- лары цилиндр тəрізді, көлемі 70-80 х 10-20 мкм. Қалтаспоралары түссіз, екі клеткалы, ұштарына қарай жіңішкерген, көлемі 15 х 6-7 мкм.

177-сурет. Қошқыл-қызыл дақ

Пикнидалары қара-қоңыр түсті, споралары бір клеткалы, түс- сіз, сопақша пішінді, майда, көлемі 7,1-7,2 х 3 мкм.


Саңырауқұлақ залалданған өркендерде пикнида, псевдотеций жəне жіпшумақ түрінде қыстайды. Көктемде псевдотецийлерде жетілген қалтаспоралар өсімдікті алғаш жарақаттар арқылы залал- дайды. Инкубациялық кезеңі – 6-10 күн. Кеселдің дамуына көктемгі жəне жаздың бірінші жартысындағы мол жаңбыр мен жылы ауа райы қолайлы болады. Сонымен қатар жер асты суы жақын, ауыр топырақта жиі отырғызылған жидектерде бұл ауру жиі кездеседі.
Өсімдіктің сабағы, сағағы, бүршіктері, өркендері жəне жапы- рақтары залалданады. Сабақта қошқыл-қызыл, қоңыр немесе күлгін түсті жайылған дақтар пайда болады. Бұл дақтар, əдетте жапырақ сағағының сабаққа тіркелген бөлігінен төмен орналасады. Дақтар тез ұлғайып, қоңырланып, ортасы ақшылданады да, бетінде қоңыр түсті ірі пикнидалар түзіледі. Өсімдіктің бүршіктерінде, сағақта- рында, кейде жапырақ жүйкелерінде де жоғарыда аталған белгілер мен дақтар пайда болады.
Көктемде залалданған екі жылдық өркендердің түсі қоңырла- нып қурайды. Ауруға шалдыққан жапырақтар хлорозданып, көлемі кішірейіп, гүл түйіні жетілмей майдаланып, қатты ауырған кейбір бұтақтардың жапырақтары дамымайды. Өркендер ұшынан бастап солып, сабақ қабығында ашық-сұр үлкен дақтар түзіліп, əр жерде қоңыр-күлгін түсті бөліктер сақталады. Эпидермис қабықтан ажы- рап, шытынап, оның үстінде көптеген пикнидалар түзіледі.
Жапырақта аурудың белгісі кең сары жиекті, үшбұрышты дақ түрінде білінеді. Гүлдер мен жидектерде ауру білінбейді, бірақ ке- селге шалдыққан өркендердегі жидектер майда, дəмі қышқыл, құ- рамында «С» дəрумені аз мөлшерде болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет