Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет265/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Вирус аурулары




Мозаика. Ауру қоздырғышы – Rubus virus 1 Smith. вирусы (178-сурет). Қоздырғыш насекомдармен жəне отырғызылатын ма- териалдармен (көшеттермен) таралады.


178-сурет. Мозаика

Жапырақта сары, жасыл жайылған дақтардың кезектесіп ор- наласуынан мозаикаланған дақ түзіледі. Өсімдік қатты залалдан- ғанда жапырақта дөңес бөліктер пайда болады. Ыстық ауа райында ауру белгілері бəсеңдеп, ал күзде кеселдің дамуы қайта өршиді.


Жапырақтың бұйралануы. Аурудың қоздырғышы – Raspberry curludwarf virus. Қоздырғыш бітелермен таралады.
Кеселдің белгісі екіжылдық өркендерде айқын білінеді. Ауруға шалдыққан өркендер сауларынан едəуір алса болып, жапырақтары бұйраланады.
Залалданған жапырақтың беті бұдырланып, шеті астына қарай ширатылады. Жапырақ бетінде сары түсті дақтар пайда болады. Дақ түзілген бөліктегі ұлпалардың өсуі саябырлайды да соның салдарынан жапырақ жиырылып, бұйраланады. Жапырақтың дө- ңестенген жасыл ұлпалары күзде қола түспен алмасады, ал жүйке- лері бозарып, кейін жансызданады.
Инфекциялы хлороз. Ауру қоздырғышы – Rubus virus 2 Smith. вирусы. Қоздырғыш бітелермен жəне отырғызылатын материал- дармен таралады.
Бір жəне екі жылдық өркендердің жапырақтары, сабақтары, шашақ гүлдері, жеміс сағақтары, тостаған жапырақшалары сарға- йып, жемістері майда, дəмсіз болады. Тамырдан шыққан өркендер жіңішкеріп, əлсіз болып, аз түзіледі.
Пысықтау сұрақтары

  1. Бүлдіргеннің ақ жəне қоңыр дақ ауруларын сыртқы белгілері бойынша қалай ажыратуға болады? Аурулардың дамуына қолайлы жағ- дайлар. Ақ дақпен өсімдіктің қандай мүшесі залалданады? Қоңыр дақ- тың ауру қоздырғышы қалай таралады?

  2. Сұр шірікпен залалданған өсімдік мүшесінде қандай ерекшелік байқалады? Ауру белгісі өсімдіктің қандай даму кезеңінде білінеді жəне оның қандай мүшелері залалданады?

  3. Қарақат антракнозының спора тасушылары қайда түзіледі? Ин- фекция қорының сақталуы жəне зияндылығы.

  4. Бокалды жəне бағаналы таттардың биологиялық ерекшеліктері жəне аурудың сыртқы белгілері. Бокалды тат ауруының қыстайтын спорасы қандай өсімдікте дамиды? Бағаналы таттың аралық өсімдігі- нің атауы қандай жəне онда қоздырғыштың қай кезеңі дамиды?

  5. Қарлығанның америкалық ақ ұнтағы өсімдіктің қандай бөлікте- рінде ауру туғызады? Қоздырғыш өсімдікті қандай даму кезеңінде за- лалдайды?

  6. Түктіліктің ауру қоздырғышы жəне ол қалай таралады? Инфек- ция қайда сақталады?

  7. Таңқурайдың қошқыл-қызыл дағы өсімдіктің қандай мүшелерін залалдайды? Залалданған мүшелерде қандай споралар түзіледі жəне ин- фекция қоры не түрінде қыстайды?

  8. Вирус ауруларының таралуы. Мозаикада ауру белгісі қалай білі- неді? Жапырақтың бұйралану вирусын таратушы насеком. Инфекциялы хлороздың сыртқы белгілері. Вирус ауруларының зияндылығы.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   261   262   263   264   265   266   267   268   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет