Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет268/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

180-сурет. Милдью

Өсімдіктің барлық жер үсті бөліктері – жапырағы, жас өркен- дері, бітеу гүлдері, гүлдері, көк жидектері жəне мұртшалары за- лалданады.


Жапырақ бетінде ашық-жасыл, сарғыш түсті, дөңгелек майлы дақтар пайда болады. Бірнеше күннен кейін жылы, ылғалды ауа райында дақтың астыңғы бетінде ақ ұнтақ өңез пайда болып, ал құрғақшылықта – түзілмейді. Дақтар өсе келе қосылып, жапырақ қоңырланып, қурайды. Жетілген жапырақтардағы дақтар бұрышты, хлорозды ұлпамен жиектелген. Залалданған жапырақтар қурап түседі.
Өркендерде түзілген дақтар ұзынша, қоңыр-сұр түсті, сəл ішке қарай басылған, олар ылғалды ауа райында ақ өңезбен жабылады. Ауруға шалдыққан өркендер деформацияланып, қисайып, жапы- рақтары түсіп қурайды.
Гүлдеуге дейін ерте залалданған гүл шоғыры қоңырланып, қу- рап, түйіндері түседі. Гүлдер сирек залалданады, бірақ гүл саға- ғы ауруға шалдығуы мүмкін. Бұл жағдайда залалданған бөлік қо- ңырланып, қурайы да, гүлдері түсіп қалады. Ылғалды ауа райында олардың үстінде мол ақ өңез пайда болады.
Жас жидектер əдетте ауруға жиі шалдығып, ал бұрын байлан- ғандары леп саңлауының жойылуына байланысты залалданбайды. Ауру жидектердің түсі қоңырланып, тез түседі.
Антракноз. Ауру қоздырғышы – Gloeosporium ampelophagum Sacc. саңырауқұлағы (181-сурет). Ауруға шалдыққан бөлікте са- ңырауқұлақтың түссіз, кейін қоңырланатын жіпшумағы дамып, ол клетка аралығында таралып, залалданған ұлпа үстінде кони- дия тасушылар мен конидиялар майда, сұр түсті ложеда түзіледі. Конидиялар түссіз, эллипс тəрізді, бір клеткалы, көлемі 3-6 х 2,5-3,5 мкм. Құрғақ ауа райында олар бір-біріне жабысып түйіршіктенеді, ал мол ылғалдылықта олар шырыштанып, ісініп, жаңбыр там- шысымен, шықпен басқа өсімдіктерге таралады. Конидиялары 11-400С температура аралығында өнеді. Жиі жаңбыр мен 24-300С температурада саңырауқұлақтың инкубациялық кезеңі 3-4 күн. Саңырауқұлақ жіпше, пикнида, склероций түрінде залалданған бө- ліктерде қыстайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет