Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


Жүзім аурулары Саңырауқұлақ аурулары



бет266/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Жүзім аурулары Саңырауқұлақ аурулары


Оидиум (ақ ұнтақ). Ауру қоздырғышы – Uncinula necator Burril саңырауқұлағы (179-сурет). Жіпшумақ залалданған мүшеде дамып, үстінде мол конидия тасушылар түзеді. Олар ауа толқынымен жеңіл
таралып, тіршілігі 6 сағатқа созылады. Конидиялар жіпшеге өніп, одан жіпшумақ дамып, аппрессорийларымен ұлпаға тіркеліп, олар- дан клетка ішіне гаусторийлар еніп, саңырауқұлақты қоректенді- реді. Инкубациялық кезеңі ауа райына байланысты 4-12 күнге со- зылады. Саңырауқұлақтың дамуына қолайлы температура 20-25°С жəне 50-80% ылғалдылық.
Күзде жапырақтар мен өркендерде клейстотецийлер түзіледі, бірақ олар тез ыдырап, инфекцияны таратуда маңызды орын ал- майды. Саңырауқұлақ жіпшелері қабық астында, бүршіктерде, өркен көзшелерінде қыстап шығады.
Өсімдіктің барлық жер үсті бөлігі ауруға шалдығады. Аурудың алғашқы белгілері шілде айында, ал қоздырғыштың дамуына қо- лайсыз жылдары тамыздың екінші жартысында білінеді.
Жапырақтың үстіңгі бетінде сұрғылт жеңіл өңез пайда болып, өсе келе жапырақтың астыңғы бетіне, сағағына, кейін өркеніне та- ралады. Соңынан залалданған жапырақта қоңыр, жансызданған ұл- па бөліктері пайда болады. Залалданған жапырақтар сынғыш келіп, шеті жоғары қайырылып қурайды.
Кеселге шалдыққан өркен бетінде өңез пайда болып, астында- ғы ұлпалар қоңырланып, жайылған дақ түзіледі. Күзге қарай өңез тығыздалып, өркендер қызыл-қоңыр түске енеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   262   263   264   265   266   267   268   269   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет