Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет263/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Микоплазмалы ауру




Түктілік (реверсия). Ауру қоздырғышы – микоплазма орга- низмдері (176-сурет). Бұл қоздырғыштар қарақаттың барлық мə- дени – ақ, қара, қызыл жəне жабайы түрлерін залалдайды. Қоздыр- ғыш өсімдікте сақталып, қарақат кенесі жəне қалемшелер арқылы таралады.
Ауруға шалдыққан өсімдік түптерінде көптеген жетілмеген өркендер түзіліп, олар майда, жиі орналасқан жапырақтармен жа- былады. Жапырақ пішінін өзгертіп, ұзарып, ұштары сүйірленіп, бес бөліктің орнына үшеуі түзіледі. Оның шетіндегі иректері іріленіп сирейді, жүйке саны азайып, жапырақ қалыңдайды.
Ауру белгісі көктемде білінеді. Залалданған өсімдіктің бүршік- тері сауларына қарағанда 7-10 күнге кешігіп ашылады, сондай-ақ оның гүлдеуі де мерзімінен кешігеді.

176-сурет. Реверсия

Залалданған гүлдердің күлтежапырақтары бөлектеніп (тілімде- ніп), тостаған жапырақтары мен аталықтары ұсақ, жіңішке, күлгін түсті күлтелерге айналады. Гүл түйіні жоғары көтеріліп, аналық аузы жіпшеленеді. Кейде гүлдің барлық бөлігі өзгеріп, жіпше тəріз- ді болады. Ауру гүлдердің көлемі сауларына қарағанда екі есе кіші- рейіп, түсі қоңырланады. Кейбір гүл шоғырлар дұрыс дамығанмен, олардың гүлдері өте майдаланып, ергежейленіп, «гүлпарлық» білі- неді. Мұндай «гүлпарланған» гүлдерде түйін байланбайды немесе майда, кейіпсіз жидектер түзіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет