173-сурет. Ақ дақ
Қарақаттың кейде қарлығанның жапырақтары мен жидектері залалданады. Жапырақ бетінде пішіні дөңгелек немесе бұрышты, түсі алғаш қоңыр, кейін ортасы ақшыл, қоңыр жиекті дақтар пайда болады. Дақ үстінде қоңыр пикнидалар түзіледі.
Қарлығанның америкалық ақ ұнтағы. Ауру қоздырғышы – Sphaerotheca mors-uvae Berk. et Curt.саңырауқұлағы (174-сурет). Қоздырғыштың жеңіл, торлы жіпшумағы тығыздалып, қоңыр түсті киізді өңезге айналады. Онда түссіз, бір клеткалы, пішіні со- пақша, көлемі 18,6-25 х 12-14 мкм конидиялар қысқа, тік конидия тасушыларда тізбектеліп орналасады.
Достарыңызбен бөлісу: |