171-сурет. Бағаналы тат
Өсімдіктің гүлдеу, түйін байлау кезеңдеріндегі жылы, ылғалды ауа райы аурудың дамуына өте қолайлы болады. Саңырауқұлақтың урединиоспоралары өсімдіктің түскен жапырақтарында, ал жіпшу- мағы қылқан жапырақты ағаштарда қыстайды. Көктемде қыстап шыққан урединиоспоралар қарақатты залалдайды.
Ауруға өсімдіктің жапырақтары шалдығады. Жапырақтың үс- тіңгі бетінде хлорозды дақтар пайда болып, оның астында қызыл- сары түсті көпшікшелер түзіледі. Вегетацияның соңында алғаш ашық түсті, кейін қараятын мүйіз тəрізді өскін пайда болып, жа- пырақтың төменгі бетін түгел алады. Залалданған жапырақтар қо- ңырланып, қурайды.
Бокалды тат. Ауру қоздырғышы – Puccinia ribesii-caricis Kleb. саңырауқұлағы (172-сурет). Қоздырғыш əр иелі, толық циклды да- миды.
Достарыңызбен бөлісу: |