Қарақаттың ақ ұнтағы. Ауру қоздырғышы – Sphaerotheca mors-uvae Berk. et Curt. саңырауқұлағы. Қоздырғыш жіпшумақ жəне клейстотеций түрінде қыстайды. Клейстотецийлер жаздың соңына қарай түзіліп, ал аскоспоралары келесі жылдың көктемінде пісіп, жетіледі. Аталған споралар жаз бойы түзіліп, күзге дейін өсімдікті залалдайды.
Аскоспоралармен залалданғанда инкубациялық кезең – 7-9, ал конидиялармен 3-4 күн. Жақсы өсіп-өркендеген өсімдіктер ауруға төзімді келеді. Саңырауқұлақтың қарқынды дамуына жоғары ыл- ғалдылық (90-100%) жəне 17-280С температура қолайлы жағдай туғызады.
Өсімдіктің жапырағы, жас өркендерінің ұшы, бүршіктері, кейде жидектері залалданады. Жапырақтың астыңғы бетінде ақ ұнтақты өңез алғаш дақ түрінде білініп, кейін жоғарғы жапырақтарына, сағақтарына, жас өркендеріне таралады.
Түзілген мол өңез тығыздалып, киізденіп, түсі қоңырланады. Залалданған өркендер қисайып, буын аралықтары қысқарады, жа- пырақтары қатпарланып, майдаланып, хлорозданады. Ауруға шал- дыққан өсімдіктердің өсуі саябырлайды.
Бағаналы тат.Ауру қоздырғышы – Cronartium ribicola Dietr. саңырауқұлағы (171-сурет). Қоздырғыш əр иелі, толық циклды да- миды. Аралық иесі – сібір жəне веймут қарағайлары. Бұл ағаштар- да түзілген эциоспоралар қарақат жапырағын залалдайды. Ауруға шалдыққан қарақат жапырағының үстіңгі бетінде түсі қызыл-сары урединийлерде сопақша пішінді, қабығы тікенекті, көлемі 21-23 х 14-18 мкм урединиоспоралар түзіледі де, жаз бойы бірнеше ұрпақ беріп, кеселді кең таратады. Күзге қарай урединийлердің орнында пайда болған телий бөртпелерде диаметрі 20-60 х 11-16 мкм жеке телиоспоралар тізбектеліп, бір-бірімен іргелесе топтанып, бағана құрады. Телиоспорадан өнген базидияда базидиоспоралар түзіліп, олар қарағайларды қайта залалдайды. Өсімдіктің залалданған бө- лігінде қоңыр қабықты, ұзынша ісік пайда болады. Екі жылдан соң қабық жарықтарында эцийлер мен эциоспоралар ұзындығы 2-7 мм, көлденеңі 2-3 мм, биіктігі 2-2,5 мм көпіршіктенген дөңес түрінде көрінеді. Түсі қызғылт-сары, жұмыртқа пішінді, көлемі 22-29 х 18- 20 мкм, қабығы сүйелді эциоспоралар қарақатты залалдайды. Бұл кесел қарлығанда да кездеседі.