Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет262/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

175-сурет. Антракноз
Жапырақтағы дақтарда саңырауқұлақтың конидиялы спора тасушылары төсеніш (ложе) түзіп, онда конидиялар пайда бола- ды. Конидия тасушылардың пішіні таяқша тəрізді, конидиялары ұзынша, сəл иілген немесе орақ пішінді, бір клеткалы. Жаз бойы конидиялар бірнеше ұрпақ беріп дамып, насекомдар жəне жаңбыр тамшылары арқылы таралады. Саңырауқұлақтың дамуына қолайлы 16-200С температурада инкубациялық кезең – 8-12 күн.
Қоздырғыштың жіпшумағы өсімдіктің түскен жапырақтарында қыстап, көктемде одан қысқа, жуан сабақты, тостаған тəрізді апотецийлер түзіледі. Қалталары шоқпар тəрізді, ал споралары түссіз, пішіні сопақша, бір клеткалы. Аскоспоралар мамыр айында жаппай таралып, жапырақтарды залалдайды.
Қарлыған мен қарақаттың жапырақтары, сағақтары жəне жи- дектері залалданады. Жапырақта майда, сарғыш-жасыл дақтар пайда болып, кейін олардың түсі қоңырланып, бір-бірімен қосы- лып ұлғаяды. Дақ үстінде эпидермиспен жабылған қара түсті, тегіс дөңестер түзіліп, соңынан жарылып, ақ түйіршектерге айналады.
Қатты залалданған жапырақтар қоңырланып, шеттері шира- тылады. Кесел төменгі жапырақтардан басталып, олар біртіндеп түседі.
Жапырақ сағақтары мен жас өркенде майда, қоңыр түсті ойық жаралар түзіледі. Жидектегі жеке-жеке орналасқан майда жаралар- дың түсі қоңыр-сұр, пішіні дөңгелек, қабыршақ тəрізді болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   258   259   260   261   262   263   264   265   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет