179-сурет. Оидиум
Жидек беті ақ ұнтақ өңезбен жабылып, оның астында майда дақтар пайда болады. Ерте залалданған жидектердің өсуі теже- ліп, қурап, вегетацияның соңына дейін өсімдіктен түспейді. Кеш залалданған жидектер жарылып, ішіндегі тұқымы көрініп, олар басқа микроорганизмдердің əсерінен шіриді.
Милдью. Ауру қоздырғышы – Plasmopara viticola Berl. et de Toni саңырауқұлағы (180-сурет). Қоздырғыш – монофаг тек жү- зімде кездеседі. Конидия тасушылары (зооспорангий тасушылар) леп саңлауынан топталып (3-6 дана) шығады. Оның негізі ісінген, ал тармақталған ұшында зооспорангийлер түзіледі де, əр зооспо- рангийде екі талшықты 5-8 зооспоралар қалыптасады. Жынысты спорасы – ооспора.
Ооспоралар өсімдік қалдықтарында (жапырақтар мен жидек- тер) қыстап, көктемде өніп, кейін зооспорангий түзеді. Зооспора- лар өсімдікті залалдайды. Қолайлы жағдайда инкубациялық кезеңі 4 күн. Қоздырғыш өсімдіктің вегетациялық кезеңінде жыныссыз көбейіп 7-16 ұрпақ береді.
Өсімдіктің гүлдеуінен бұрын жəне одан соңғы кезеңде залалда- нуы аса зиянды, себебі осы мезгілдерде гүл шоғырында ылғал мол сақталуына байланысты, ол ауруға түгел шалдығып, жансыздана- ды. Кесел ылғалы мол аудандарда кездеседі. Саңырауқұлақтың дамуына 24-250С температура жəне 95-100% ылғалдылық қолайлы жағдай туғызады.
Достарыңызбен бөлісу: |