Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18



бет269/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

181-сурет. Антракноз
Кесел вегетацияның бірінші жартысында, əсіресе гүлдеу кезе- ңінде қарқынды дамиды. Жаздың екінші жартысында өсімдік жа- пырақтары мен ұлпаларының ескіруінен жəне жауын-шашынның тапшылығынан аурудың дамуы тежеледі.
Өсімдіктің барлық жер үсті бөліктері, əсіресе жас өркендері ауруға шалдығады.
Жапырақта алғаш сəл көрінетін ашық-қоңыр, ұсақ жайылған дақтар пайда болып, ұлғайып, қоңыр-сұр түске айналып, күлгін- қызыл жиекпен жиектеледі. Ауруға шалдыққан ұлпалар үгітіліп тесіліп, ал жүйкесі залалданған жапырақ қурап түседі.
Гүл шоғырының күлте жапырақтарында дөңгелек қара дақтар, ал гүл сағақтарында ойық жаралар пайда болады. Жидектегі дақ- тар дөңгелек пішінді, қоңыр-қызыл немесе қара жиекті, ортасы сұрғылт немесе қоңыр түсті, сəл басылған болып келеді. Мұндай жидектер біржақты қисайып өсіп, тез жансызданып, қурап, гүл шоғында ілініп тұрады, бірақ жеуге жарамайды.
Өркендерде алғаш қоңыр дақ пайда болып, кейін ортасы басылып, ойық жараға айналады. Жаралар біртіндеп ұзарып, бір- бірімен қосылады. Залалданған жапырақтан жоғары орналасқан өр- кен бөлігі қарайып, қурайды. Жүзімнің гүлдеу кезеңінде антракноз ауруы қарқынды дамиды.
Церкоспороз. Ауру қоздырғышы – Cercospora vitis Sacc., C. roesleri Sacc. саңырауқұлақтары. Жіпшумақ жапырақ пен өркен па- ренхимасының клетка аралығында орналасады.
C. vitis саңырауқұлағының конидия тасушылары қысқа, жуан, бір немесе көп клеткалы, зəйтүн түсті, сопақша пішінді, цилиндр немесе шоқпар тəрізді, негізінен көп, кейде бір клеткалы болады.
C. roesleri саңырауқұлағының конидиялы спора тасушылары алғаш киізді, кейін мақпал тəрізді өңез түзеді. Зəйтүн қоңыр түсті, перделі, көлемі мен пішіні əртүрлі конидия тасушылар топталып, ал конидиялары тізбектеліп, кейде тармақталып түзіледі. Олар бір не- месе көп клеткалы, пішіні цилиндр тəрізді, зəйтүн түсті, тік неме- се сəл иілген. Саңырауқұлақ жіпшумақ түрінде залалданған мүше- лерде қыстайды.
Ауруға өсімдіктің негізінде жапырақтары шалдығып, ал басқа мүшелері сирек залалданады. Жапырақтың астыңғы жағында май- да жүйкелермен жиектелген дақтар пайда болады да, беті зəйтүн
түсті өңезбен жабылады. Залалданған ұлпалар кейін сарғайып, қо- ңырланады да жапырақтың үстіңгі жағында да білініп, қурайды. Жидектер қатайып, көк түске енеді.
Дақты некроз. Ауру қоздырғышы – Rhacodiella vitis Schterenb. саңырауқұлағы (182-сурет). Қоздырғыштың көп клеткалы жіпшу- мағы алғаш ақшыл түсті болып, кейін қоңырланады. Ылғалды ауа райында қабық бетінде шоқтанып, бұтақталған конидия тасушылар пайда болады. Олардың ұшында домалақтанып топталған, көлемі 5-8 х 12 мкм стеригмалар түзіледі. Стеригмада бір клеткалы қыз- ғылт түсті, пішіні сопақша конидиялар пайда болады. Бұл саңы- рауқұлақ 0-70С температурада дамып, өсіп өркендеген өсімдікке енеді. Кейде апотецийлер түзіліп жаз, күз бойы аскоспораларын таратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   265   266   267   268   269   270   271   272   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет