Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


Клавицепс (қастауыш) қатары (Clavicipitales)



бет55/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Клавицепс (қастауыш) қатары (Clavicipitales)


Саңырауқұлақтың перитецийлері ақ немесе ашық кейде қоңыр- лау түсті, болып, олар жұмсақ етті стромаларға батып орналасады. Аскоспоралары жіп тəрізді, аскілерден ретпен шығады. Бұл қатар- дың саңырауқұлақтары өсімдіктің белгілі бір мүшесін, өркенін, түйінін залалдайды.


Claviceps туысына жататын C.purpurea түрінің түсі, пішіні əр- түрлі, қатты склероцийлар өсімдіктің түйінінде (дəнінде) түзіледі. Слероцийлар қыстап, көктемде қызыл басты стромаға өніп, пери- тецийлер стромаға батып орналасып, аузы сыртқа шығып тұрады.
Қалталары ұзынша келген, ішіндегі аскоспоралар жіп тəрізді. Олар өсімдіктің түйінін залалдап, онда конидиялар түзіледі. Конидия- лар жаңбыр, жел жəне насекомдармен таралып, басқа гүлдерді за- лалдайды. Залалданған гүлде дəн орнына құрамында улы заттары бар склероций түзіледі (28-сурет).


28-сурет. Склероцийдан өнген стромалар

Epichloe typhina Tul. – дəнді дақылдардың қапталу (құндақ- талу) ауруын қоздырады. Саңырауқұлақтың стромасы сабақтың жо- ғарғы бөлігін құндақтап, орап тұрады. Осы құндақтың үстінде ко- нидиялар түзіледі, кейін конидиялы строма жуандап перитецийге айналады. Бұл ауру көп жылдық дəнді дақылдарда кездеседі.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет