Сферий қатары (Sphaeriales)
Қатарда бірнеше мың саңырауқұлақтар бар. Олар сапрофиттер, паразиттер де болып өмір сүреді. Жеміс дене – перитецийлер ұсақ, домалақтау немесе алмұрт тəрізді, іші қуыс, қысқа кейде ұзындау мойны болады. Перитеций қабығы жақсы дамыған бірнеше қабат-
тан тұрады. Перитецийлер жеке-жеке кейде топтанып стромада немесе субстрат бетінде түзіледі, ішінде жиегімен орналасқан қал- тадан тұратын қабаты бар.
Паразит түрлерінің маңыздысы Polystigma туысынан P.rubrum түрі – сүйекті жемістілердің полистигмоз (қызыл дақ) ауруын қоз- дырады. Саңырауқұлақтың даму циклінде маңыздысы қалталы ке- зеңі. Перитецийлер түзілетін стромалар ұлпа ішіне батып тұрады.
Phyllachora туысына жататын түрлері дəнді дақылдардың жəне беденің ауруын қоздырады.
Достарыңызбен бөлісу: |