Гипокрий қатары (Hypocreales)
Бұл қатар саңырауқұлақтарының перитецийлері мен строма- лары ашық түсті (27-сурет). Перитецийлері бос немесе стромаға батып орналасып, саңлаулары жақсы көрінеді. Конидиялы кезеңінде саңырауқұлақ аса зиянды, вегетациялық кезеңде бірнеше ұрпақ түзіп, ауруды таратады. Кейде қалталы кезеңі болмайды. Бұл са- ңырауқұлақтар өсімдік, саңырауқұлақ жəне насекомдар паразиті, ал топырақ пен ағашта сапрофитті өмір сүреді.
Залалданған өсімдік мүшелерінде ашық түсті етті стромалар мен ірі жеміс денелер түзеді. Бұл қатарда көп тұқымдастар бар, оның ішінде ең маңыздысы гипокрий, нектрий тұқымдастары.
Гипокрий тұқымдасы – Hypocreaceae перитецийлері толық стромға барып тұрады. Бұл саңырауқұлақтар ағашта, өсімдік қал- дықтарында, мүкте, ағашқұлақ жеміс денесінде сапрофитті өмір сүреді.
Нектрий тұқымдасы – Nectriaceae ішінде өсімдіктердің қауіп- ті ауруларын туғызатын əртүрлі туыстарға жататын саңырауқұлақ- тар бар.
Nectria туысының перитецийлері жеке-жеке немесе топтанып субстраттың өзінде немесе стромада түзіледі. Көп таралған барлық
жерде кездесетін N.cinnabarina түрі. Сапрофит немесе паразит бо- лып ағаштардың қурауына себеп болады. Жіпшумағы қабық ас- тында дамиды, кейде діңге де енеді. Көктемде саңырауқұлақтың ко- нидиялы кезеңі дамиды.
Осы кезеңде саңырауқұлақ дейтеромицеттерге жатады да, Tu- bercularia vulgaris деп аталады. Конидиялар жаңбырмен таралып, жаздың соңында түсі қоңыр-қызыл перитецийлер түзіледі. Көктем- де аскоспоралар өсімдікті залалдайды. N.galligena түрі ағаштардың сатылы немесе кəдімгі рак ауруын қоздырады.
Достарыңызбен бөлісу: |