Саңырауқұлақтардың жеміс денесі клейстотецийлер. Тар шең- бердегі өсімдіктерді залалдайтын облигатты паразиттер.
Саңырауқұлақ жіпшумағы залалданған өсімдік мүшесінің бе- тінде дамып, оған апрессорийлар арқылы тіркеліп, клетка ішіне (қоректену үшін) гаусторийларын енгізеді. Жіпшумақ бетінде саңырауқұлақтың конидия тасушылары ұшында тізбектеліп кони- диялар түзіледі. Конидия пішіні цилиндр немесе эллипс тəрізді. Өсімдік бетінде ақ ұнтақты өңез түзіледі. Соған байланысты ауру- дың аты ақ ұнтақ деп аталады.
Конидиялар жаз бойы бірнеше ұрпақ беріп, ауруды таратады. Вегетация соңында жіпшумақ үстінде жеміс дене – клейстотеций- лер пайда болады. Олардың түсі қара-қоңыр, ұсақ дене. Клейс- тотеций ішінде бір немесе бірнеше қалта түзіледі. Клейстотеций- лер қыстап, көктемде жетіліп, өсімдікті аскоспораларымен алғаш залалдайды. Клейстотеций бетінде пішіні əртүрлі тармақтар (қо- сымшалары) болады (25-сурет).