Плектомицеттер қатар тобы (Plectomycetidae)
Бұл саңырауқұлақтардың жеміс денесі негізінен клейстотеций, сирек перитеций. Қалталар жеміс дене ішінде ретсіз орналасып, аскоспоралары пассивті босайды.
Эвроций қатары (Eurotiales)
Қатардағы саңырауқұлақтардың жеміс денесі жіпшумақта да- митын ұсақ клейстотецийлер. Олардың аскілері ретсіз орналасып, пассивті босайды. Көбінесе органикалық субстраттардың сап- ротрофтары болады. Aspergillus жəне Penicillium саңырауқұлақтары қоймадағы жемістерді, тағамдарды залалдап, оларда зең түзеді. Penicillium туысының көптеген түрлерін өнеркəсіпте органикалық қышқыл, ферменттер жəне антибиотиктер алуға пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |