Тафрина қатарының бір тұқымдасы – Taphrinaceae. Оның жал- ғыз туысы Taphrina. Бұл саңырауқұлақтар нағыз паразиттер, тар шеңбердегі өсімдіктерді залалдайды. Жіпшумағы өсімдік ұлпасы- ның клетка аралығында жəне кутикула мен эпидермистің астында таралады. Залалданған өсімдік мүшесі бетінде өте нəзік сары түсті жарқырайтын өңез түзеді.
Тафрина саңырауқұлақтары залалданған мүшенің деформация- сы – жапырақтың бұйралануын, жемістің қалташығын, мыстан сы- пырғышын туғызады. Негізінде жас ұлпаларды залалдайды. Аско- споралар қабық жарығында, бүршік қабыршығында қыстап шыға- ды. Көктемде гаплоидты аскоспоралар бүршіктеніп, екеуден қосы- лып, дикариодты жіпшумақ құрады. Жіпшелер бүршіктерді залал- дап, клетка аралығымен тарайды.