Энтомофтор қатары (Entomophthorales)
Бұл саңырауқұлақтар көбінесе насекомдардың паразиттері. Жіпшумағы қарапайым, насекомдар денесінің ішінде дамиды, кейде геммаға ыдырайды. Жынысты көбеюі зигоспора, ал жыныссызы конидия арқылы өтеді. Конидиялар насекомдар денесінен шығып тұрған конидия тасушылардың ұшында түзіледі. Бұл саңырауқұ- лақтар насекомдардың табиғи жауы. Сондықтан оларды насеком- дарға қарсы биологиялық күресте қолданады.
Пысықтау сұрақтары
Оомицеттер класы қандай қатарларға жіктеледі?
Оомицеттердің жынысты спорасы қалай аталады?
Сапролегний тұқымдасының ауыл шаруашылығындағы зиянды туысы.
Пероноспора қатарының тұқымдастарға бөліну ерекшелігі.
Питий тұқымдасы саңырауқұлақтарының көбеюі.
Фитофтора туысы туғызатын аурудың дамуына қандай қолайлы жағдай қажет?
Пероноспора тұқымдасы қандай туыстарға бөлінеді?
Зигомицетер класындағы қандай қатар биологиялық қүресте қол- данылады?
Зигомицеттердің көбеюінде қандай споралар түзіледі?
Мукор саңырауқұлағының туғызатын ауруы.
Достарыңызбен бөлісу: |