Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


Аскомицеттер (қалталылар) класы (ASKOMYCETES)



бет41/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

Аскомицеттер (қалталылар) класы (ASKOMYCETES)


Бұл класқа 30 мыңнан аса саңырауқұлақ түрлері топтасқан. Жіпшумағы өте жақсы дамыған көп клеткалы, кейбір түрі бүршік- тенетін жіпшелерден тұрады. Барлық түрлеріне тəн ортақ қасиет – жынысты спора аскоспоралар (қалтаспоралар) аск (қалта) ішінде дамиды (23-сурет).




23-сурет. Аскоспоралар

Жыныссыз споралары гаплоидты жіпшеден түзілетін конидия- лар. Олар жіпшумақ бетінде жекеленіп немесе шоқтанып (коре- мияда), бөртпеленіп (спородохияда), тығыздалған жіпшелерде (ло- же-төсеніште), шар немесе алмұрт тəрізді пикнидалардың ішінде түзіледі.


Конидиялар вегетация кезеңінде пайда болып, ауруды таратады, ал аскоспоралар вегетациялық кезеңнің соңында пайда болып, өсім- дік қалдықтарында қыстап шығады.
Кейбір қалталыларда жынысты көбею болмайды, ауру кони- диямен таралады, сондықтан мұндай саңырауқұлақтар конидиялы кезеңінде басқа атпен аталып, дейтеромицеттер класына топтас- тырылған.
Аскомицеттердің жынысты көбеюінде екі түрлі жынысты жіпше клеткалары қосылып, диплоидты ядросы бар зигота түзеді. Зи- гота аскіге айналып, ішінде аскоспоралар пайда болады. Аскілердің
(қалта) пішіні домалақ, сопақша, шоқпар, цилиндр тəрізді. Аско- споралар да алуан түрлі, домалақтан жіпшеге дейін.
Қалталардың (аскілердің) түзілуі бойынша аскомицеттер – ге- миаскомицеттер (жалаңаш қалталылар), эуаскомицеттер (жеміс қалталылар), локулоаскомицеттер (қуыс қалталылар) болып 3 класс тармағына бөлінеді (5-кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет