Бұл кластың саңырауқұлақтары жануарлар, өсімдіктер, насе- комдар жəне адамдардың сапрофиттері мен паразиттері.
Жіпшумағы көп ядролы бір клеткалы. Жыныссыз споралары спорангиоспорлар мен конидиялар. Жынысты споралары – зиго- спора. Ол алғаш жіпшеге өніп, оның ұшында спорангий түзіледі. Класқа екі қатар – мукор (Mucorales) жəне энтомофтор (Ento- mophthorales) саңырауқұлақтары жатады (4-кесте).
Мукор қатары (Mucorales)
Жіпшумақтары жақсы дамыған, қалың, жуан жіпшелерден тұ- рады, ұшында спорангиоспоралары бар спорангий түзіледі. Споран- гиоспоралар өніп, одан жаңа жіпшумақ пайда болады.
4-кесте
Зигомицеттердің жіктелуі
Мукор тұқымдасына жататын өкілдері кəдімгі зең саңырауқұлақтары. Олар сапрофит түрінде қоймада түрлі жемістерді, көкөністерді, сүт тағам- дарын т.б. бұзып, тірі өсімдіктерде сирек кездеседі. Mucor racemosus түрі көкөніс пен тағамдардың зең, ал Rhizopus nigricans зең ауруын қоздырады (22-су- рет).
22-сурет. Mucor
Достарыңызбен бөлісу: |