Микроаскі қатары (Microascales)
Бұл саңырауқұлақтардың жеміс денесі қара қоңыр түсті пери- тецийлер, субстрат ішіне сəл еніп орналасады. Аскоспоралар шы- рыштанып пассивті шығады. Ceratocystis туысы зиянды болып есептеледі. Олар ағаштың голландық жəне көкшіл ауруын туғы- зады. Конидиялар насекомдармен таралады.
Пиреномицет қатар тобы (Pyrenomycetidae)
Жеміс денесі негізінен перитеций, сирек клейстотеций, ішін- дегі қалталары шоқтанып немесе қатарланып тұрады. Аскоспо- ралары активті босайды. Перитецийлері ұлпаға батып немесе бетінде орналасады, кейде строма ішінде немесе оның бетінде топтанып тұрады. Конидиялы кезеңі вегетация кезеңінде түзіліп, саңырауқұлақтың таралуында маңызы зор.
Қалталы кезеңі өсімдік қалдықтарында, түскен жапырақта өте- ді, өсімдіктің түбірінде де сақталады. Бұл саңырауқұлақтар ақ ұнтақ ауруын, бұтақ пен діңдердің некроз, рак ауруларын, дақтарды, т.б. қоздырады. Пиреномицеттердің бірнеше қатары бар.
Достарыңызбен бөлісу: |