Оқулық алматы, 2014 Əож 632 (075. 8) Кбж 44. я 73 К18


-сурет. 1, 2 – конидия тасушылардағы конидиялар, 3 – клейстотецийдегі аскоспоралар



бет49/278
Дата08.02.2022
өлшемі5,53 Mb.
#123889
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   278
Байланысты:
karbozova r.d., tulengutova k.n. fitopatologiya

25-сурет. 1, 2 – конидия тасушылардағы конидиялар, 3 – клейстотецийдегі аскоспоралар

Бұл қатарға бір тұқымдас – Erysiphaceae (ақ ұнтақтылар) жа- тады. Жеміс дене қосымшасының айырмашылығы жəне клейстоте- цийдегі қалта саны бойынша ақ ұнтақ саңырауқұлақтары бірнеше туыстарға бөлінеді (26-сурет).


Erysiphe туысында көп түрлер топтасқан. Клейстотеций қо- сымшалары қарапайым жіпше тəрізді, ішінде бірнеше қалта бола- ды. Бұл саңырауқұлақтар алуан түрлі өсімдіктерді ауруға шалдық- тырады. Бірақ əрбір түрі өзі бейімделген өсімдікті залалдайды. Мысалы: E.graminis саңырауқұлағы дəнді дақылдардың ішінде би- дайды залалдап, ақ ұнтақ ауруын қоздырады, ал қара бидайды басқа түрі залалдайды, т.б. формалары бар.
Microsphaera туысы клейстотецийлерінің қосымшасы ұшы та- рамдалып жеміс дененің жоғарғы бөлігінде орналасқан, көп қалта- лы. M. alphitoides түрі емен, бук ағаштарын залалдайды. Ауруға қатты шалдыққан жас бұтақшалар қурайды.
Uncinula туысының клейстотеций тармағының ұшы ілмек сияқ- ты болады, қалталары көп. Тал, жүзім залалданады. Жүзімнің жа- пырағы, сабағы, жемісі ауруға шалдығып, өнімі төмендейді.
Phyllactinia туысының клейстотеций қосымшалары екі түрлі: клейстотецийдің жоғарғы бөлігінде тарамдалған жіңішке жіпше тəрізді, бел жағында инедей үшкір, төменгі бөлігі шоқпардай жуандалған, аскілері көп болады. Тұт, қайың жəне т.б. ағаштарды залалдайды.
Sphaerotheca туысының клейстотеций тармақтары жіпше тəріз- ді, ішінде бір қалта болады. S.mors-uvae – қарлығаның америкалық ақ ұнтағын қоздыратын саңырауқұлақ. Солтүстік Америкада жəне басқа да елдерде кең таралған. Қазақстанда да кездеседі.


1 2 3 4


5 6 7




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   278




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет