26-сурет. 1 – Erysiphe, 2 – Microsphaera, 3 – Uncinula, 4 – Phyllactinia, 5 – Sphaerotheca, 6 – Podosphaera, 7 – Leveillula Саңырауқұлақ өсімдіктің жапырағын, жемісін, өркенін залал- дап, олардың бетінде алғаш ақ, кейін қоңырланатын, киізше тығыз- далған өңез пайда болады. Жемістер пісіп жетілмейді, кейде өсімдік түгел қурайды. Қарақатты да залалдайды.
Podosphaera туысының клейстотеций тармағы жіпше тəрізді, ұшы тармақталған, көбінесе жеміс дененің жоғарғы бөлігінде ор- наласады. P. leucotricha түрі алма мен алмұрттың ақ ұнтақ ауруын қоздырады. Залалданған жапырақтар жетілмей, ширатылып, дефор- мацияланады, өркендері өспейді. Қоздырғыш жіпшелері бүршікте қыстап шығады.
Leveillula туысы алғаш эндогенді жіпшелер түзіп, кейін олар леп саңлауынан шығып конидиялары басқа өсімдік бөліктерін за- лалдайды. Осы конидиялардан өнген жіпшелер өсімдік бетінде та- ралып, қайта конидиялы споралар түзеді. Кейін жіпшумақта клей- стотецийлер түзіледі. Бұл саңырауқұлақтар құрғақ аймақтарда кездесіп жоңышқа, сексеуіл, кенафты залалдайды.