класс тармағы (Hemiascomycetidae)
Бұл класс тармағына жататын саңырауқұлақтардың жіпшелері нашар дамиды немесе бүршіктенеді, оның бетінде қалталар ашық түзіледі. Класс тармағына 3 қатар – эндомицеттер (Endomycetales), тафриналар (Taphrinales), протомицеттер (Protomycetales) жатады.
Эндомицеттер қатары (Endomycetales)
Саңырауқұлақтардың жіпшелері бөлек клеткаларға ыдырап, бүршіктенеді. Эндомицеттердің көптеген түрлері сапрофиттер. Олар өсімдіктердің немесе жемістердің бетінде, гүлдің шырынын- да топырақта болады. Кейбір түрлері өсімдік паразиті болып мақта талшығы мен ашылмаған қауашақтарында кездеседі, алма жемісін шірітеді. Ал тамақ өнеркəсібінде ашытқы саңырауқұлақтарының маңызы өте зор.
Достарыңызбен бөлісу: |