Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет150/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
Індеттік ерекшеліктері. 
Сіреспеге барлық сүт қоректілер бейім, онымен 
адам да ауырады. Жүқтыруға ең сезімтал жануар - жылқы, одан соң қой, 
ешкі, сиыр, шошқа, ит, мысық. Құс біршама төзімді, ал салқьш қандылар 
ауырмайды. Зертханалық жануарлар жүқтырғанда тез 
ауырщы.
Табиғи жағ- 
дайда кез келген жастағы малдар ауырады, бірақ, жас төлдер ересектерінен 
сезімтал келеді.
Сіреспенің микробы табиғатта кең тараған. Ол егіс даласындағы, бау- 
бақшадағы, жайылымдағы топырақта, шаң мен қоқыста, жемшөпте кездеседі.
Инфекция қоздырушысының бастауы - ішегінде сіреспе таяқшасы өніп- 
өсетін дені сау жануарлар. Микроб нәжіспен сыртқы ортаға шығады да, 
топырақта үзақ уақыт уыттылығын жоймай сақталады.
Ауру жұғымтал емес. Табиғи жағдайда оның қоздырушысы жануар дене- 
сі жарақаттанғанда енеді. Топырақпен, шаң-тозаңмен немесе көңмен жара-
214


қаттанғанда, хирургиялық, технологиялық операциялар кезінде, жас төлдің 
кіндігі арқылы, аналық мал төлдегенде акушерлік көмек көрсету асептикалык 
ережелерге сай жүргізілмесе, баска да денені жарақаттаумен қатар жараға 
микроб түсуіне мүмкіндік тудыратын жағдайларда сіреспе клостридиясының 
спорасы жануар денесіне енеді.
¥лпаға түскен споралар тек ауа жоқ жағдайда ғана өсіп-өнеді. Ондай 
жағдайда терең жарақатта, гематома мен өліеттенген ұлпаларда жэне жараға 
оттегін сіңірген іріңдеткіш микробтар түскенде болады. Ондай өсіп-өнуіне 
қолайлы жағдай болмаса, ұзақ уақыт бойы бейтарап қалпында сақгалып, ке- 
йіннен жарақат немесе басқа да микробтың өсуіне қолайлы жағдай ,туса 
(мысалы, ұлпаға тітіркендіргіш дэрілер жіберсе), аурудың өршуі мүмкін.
Дерттенуі. 
Қолайлы жағдайда сіреспе таяқшасы денеге енген жерінде 
өсіп-өніп, токсин бөліп шығарады. Нейротоксин қан айналымымен шемесе 
жүйке тарамымен жұлынға және сопақша миға өтеді де жүйке торшаларына 
сіңіріледі. Токсиннің эсерінен жүйке талшықтарының жүрнақтарынан ацетил- 
холин босанып шығады да, іжүйке торшаларын тітіркендіреді. Бұның нэти- 
жесінде рефлекстік қозу күшейіп, болымсыз сыртқы ■
эсерден бұлшық ■
, еттер 
өте үзақ сіресіп, қүрысады. Бойды жайлаған, яғни жоғарыдан төмен бағыт- 
талған, сіреспе кезінде қүрысу ең алдымен жақ пен мойын бұлшық еттерінде 
болады да, кейіннен 
і
арқа мен сираққа жетеді. Шектелген, немесе төменнен 
жоғары бағытталған, сіреспе кезінде бастапқыда инфекция ошағының-маңын- 
дағы бүлшық еттер сіреседі де, кейіннен баска бұлшық еттерге жайылады. 
Бұлшық еттердің үздіксіз қүрысуы организмді титықтатады. Тыныс алу орта- 
лыгы мен жүректің тоқтауы өлімге әкеп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет