рін тигізеді. Жаңадан пайда болған індет тез тарап, кең етек алады. Егер оба
шаруашылыққа вирус алып жүрушілермен енген болса, эуелі шошқалардың
аздаған бөлігі ғана ауырып, тек 10-14 күннен кейін індет жаппай байқалуы
мүмкін. Ал егер вирус жеммен әкелінген жағдайда, 2-3 күннің ішінде шошқа-
лардың басым көпшілігі, кейде тіпті түгелдей, ауруға шалдығады. Ауруға
шалдығу көрсеткіші 95-100%, ал өлім көрсеткіші 60-100% жетеді.
Оба вирусының сыртқы ортаға төзімділігі жэне анықталмаған вирус
алып жүрушілердің әсерінен ауру шыққан жер бірте-бірте тұрақты індет оша-
ғына айналады. Мұндай жағдай көбінесе індеттен айықтыру шаралары жүйелі
түрде жүргізілмей, жоспарсыз вакциналаумен ғана шектелген шаруашылық-
тарда жиі кездеседі. Әдетте тұрақты індет ошақтарында ересек шошқаларда
вакцинаның эсерінен иммунитет болғандықтан олар ауырмайды. Ауырып
жазылған не вакциналанған мегежіндерден туған торайлар сүтпен антиденені
алатындықтан, олар еметін кезеңде ауруға төзімді келеді, бірақ, енесінен айы-
рылғаннан кейін ауыруы мүмкін. Сондықтан обадын тұрақты сау емес шаруа-
шылықтарда енесінен айырған торайлар індеттің сақталуының негізгі себеп-
кері болады.
Обадан сау емес шаруашылықтарда жануарлар иммунитетінің эсерінен
вирустың уыттылығы төмендеп, індет сылбыр өтеді де, шошқалар көбінесе
созылмалы түрде ауырады, өспей қалады. Көбінесе стресс-факторлардың,
азық пен күтімнің нашарлауынан, басқа да аурулар (пастереллез, гемофилез,
сальмонеллез, колибактериоз, т.б.) қабаттасып, індеттік ахуалды одан сайын
шиеленістіреді.
Обаны уыттылығы төмен В серотобының вирусы қоздырғанда меге-
жіндердің іш тастауы, төлдің өлі тууы немесе элсіз болып кейіннен көп шы-
ғынға ұшырауы сияқты аурудың өзіне тэн емес түрлері байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: