Шошқа обасының вирусын қоян организміне бейімдеп өсіруге болады,
соның негізінде олардың шошқаға уыттылығы төмендеп вакцина дайын-
дайтын штаммдар (SFA, К) алынады. Сондай-ақ вирустың торша өсіндерінде
өсуге бейімделген штаммдары да бар.
Төзімділігі.
Вирус 60°С 10 минутта, ал қайнатқанда сол сәтте күшін
жояды. Шошқа қораларда 1 жылға дейін уыттылығын жоймайды. Төменгі
температурада жақсы сақталады -5°С-та қандағы вирус 6 ай, ал оған 0,5%
карбол қышқылын қосқанда 1 жылдан артық уыттылығын жоймайды. Тоңа-
зытылған етте 2-4 ай, тұздалған етте 10 айдан артық, ысталғын етте 3 ай,
мұздатылған етте бірнеше жылға дейін уыттылығын сақтайды. Өлексе мен
көңде 3-5 күнде, топырақта 1-2 аптада күшін жояды. Дезинфекция жасау үшін
күйдіргіш натрийдің 2-3%, формальдегидтің 2,5% ерітінділері, хлорлы эктің
судағы 15-20% түнбасы пайдаланылады. Олар вирусты 1 сағатта өлтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: