Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет293/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
Ажыратып балау. 
Обаны вирустық гастроэнтериттен, дизентериядан, 
сальмонеллезден, пастереллезден, тілмеден жэне уланулардан ажырату керек.
Вирустық гастроэнтерит пен дизентерияда негізінен шошқалардың іші 
өтіп, көбінесе торайлар ауырады.
Тілме әдетте жылдың жылы уақытында болып, оған 3-12 айлық шош- 
қалар бейімдеу келеді.
Пастереллез кең ауқымда таралмайды, спорадия түрінде кезігеді.
Сапьмонеллезбен торайлар ауырып, іші өтіп, теріде қан құйылулар кез- 
деспейді.
Улануды тиісті токсикологиялық зерттеулер арқылы ажыратады.
Емі. 
Емі анықталмаған. Ауру шошқаларды дереу сояды.
Иммунитет. 
Аурудан айыққан шошқалар қайтапап ауырмайды.
Қазіргі кезде көптеген елдерде обаға қарсы белсенді иммунитет қапып- 
тастыру мақсатында оба вирусының қоян денесінде өсіруге бейімделген не- 
месе торша өсіндісінде өсіріп әлсіретілген штаммдарынан дайындалған 
қүрғақ вирусты вакцинапар пайдаланылады.
ТМД елдерінде вакцина дайындау үшін қоян организмінде өсіріліп әлсі- 
ретілген К штамм пайдаланылады. Иммунитет еккеннен кейін 5-10 күнде түзі- 
ліп, ересек шошқапарда 1 жылға дейін сақталады.
К штаммынан бүдан басқа торша өсінділерінде дайындаған екі вирус- 
вакциналар қолданылады:
- қозылардың 
ен 
үлпасының 
диплоидты 
торшасында 
өсірілген 
ВНИИВМи В вирусвакцинасы;
- шошқа эмбрионының бүйрегінің торша өсіндісінде өсірілген ВГНКИ 
вирусвакдинасы.
Кейінгі жылдары шошқаны обаға қарсы иммундеудің аэрозольдік жэне 
апиментарлық эдістері тэжірибеге енгізілді. Сондай-ақ, оба, тілме, Ауески 
ауруы, пастереллез, сальмонеллезге бір мезгілде кешенді иммундеу әдісі 
қолданыла бастады.
Дауалау және күресу шаралары. 
Дауалау мақсатында аурудан сау емес 
шаруашылықтан вирус енбеуін жэне ет комбинаты, қасапхана, асхана қаидық-
374


тарын зарарсыздандырғаннан кейін ғана шаруашылыққа әкелінуін қатты қа- 
дағалау қажет.
Шошқа фермаларында тиісті ветеринариялық-санитариялық ережелерді 
қатаң сақтап, төменде көрсетілген жағдайларда дауалау мақсатында вакцина 
егеді;
- обамен сау емес шаруашылықтан аурудың ену қаупі туған жағдайда;
- эр жерден экеліп шошқа бордақылайтын шаруашылықтарда жэне жемге 
асхана, тағам, қасапхана қалдықтарын пайдаланғанда;
- ет өңдейтін өндіріс орындарына жақын орналасқан жэне жабайы 
шошқалар арасында оба бар немесе соңғы 3 жылда оба байқалған аймақта 
орналасқан шошқа шаруашылықтарында.
Ауру шыға қалған жағдайда шаруашылық обадан сау емес деп жария- 
ланып, карантин қойылады. Қатер төнген аймақтың шекарасы анықталады.
Шошқа бордақылайтын шаруашылықтарда ауру шыққан қорадағы шош~ 
қалардың барлығын союға жібереді. Тұқымдық жэне төл алатын шаруашы- 
лықтарда тек қана ауырған, ауруы күмэнді, тыныс алу жэне ас қорьггу жү- 
йелері зақымдануының клиникалық белгілері бар және өспей қатарынан қал- 
ған шошқаларды жояды. Қалған жануарларды дене қызуы қалыпты болған 
жағдайда обаға қарсы егеді. Жаңа туған торайларға туғаннан кейін бірнеше 
сағаттан соң вакцина жібереді.
Шошқаларды сол ауру шыққан фермада жабдықталған арнайы сою пунк- 
тінде немесе ет комбинатының санитариялық қасапханасында сояды. Обамен 
ауру не ауруы күмэнді шошқаларды сойғанда, олардың терісін сыпырмайды, 
оны қайнаған сумен шылайды не күйдіреді. Өлексені өртейді.
Сонымен қатар қоздырушыны сыртқы ортада жоюға бағытталған шара- 
лар жүргізіледі. Ауру шыққан шошқа қораларын жэне станоктарды ауру бай- 
қалған сайын механикалық жолмен тазалап, дезинфекциялайды, ал одан кейін 
карантин алынғанша эр 5 күн сайын тазалап, дезинфекциялайды. Шошқаның 
қиын биотермиялық әдіспен зарарсыздандырады, қүнсыз күрал-жабдықтарды 
өртеп жібереді.
Шаруашылықтан карантинді соңғы обамен ауырған шошқа өлгеннен не 
сойылғаннан кейін, олардан алынған етті зарарсыздандырып тиісті ветерина- 
риялық-санитариялық шараларды жүргізгеннен кейін 40 күн өткен соң алады.
Карантин алынғаннан кейін де шаруашылықта 12 айға дейін шектеу 
сақталады. Сондықтан қалған шошқалар, олардан алынған өнімдер басқа жақ- 
қа шығарылмайды (ет комбинатынан басқа). Қалған шошқалардың барлығын 
семіртуге қойып, етке өткізеді. Одан кейін тиісті шараларды іске асырып, 
қорытынды дезинфекция жасап барып, шектеуді алады.
Атаулар мен ұғымдар
Шошқаның обасы, Pestis suum, чума свиней, European shweinefever 
pestivirus. Оба вирусының А жэне В серологиялық топтары, обаға қарсы К 
штамының вакцинасы, ВНИИ ВМ и В вакцинасы, ВГНКИ вакцинасы.
375


Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мәселелер саналатын негізгі мэліметтер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерек- 
шеліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгеріс- 
тер, бапау, емі, иммунитет, дауаиау жэне күресу шаралары.
Тапсырма
Шошқа обасынан сақтандыру шараиарыыың шекара бекеттері мен кеден 
аймақтарында қалай жүргізілетініне талдау жасаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет