Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет294/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
12.2. Африка обасы
Шошқаның африка обасы 
(Pestis africana suum ,
африканская чума 
свиней) - токсикоз, дененің қызынуы, лимфоидтық ағзалардың өліеттеніп, эр- 
түрлі ағзапардың қанталауы арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін, үнемі дерлік 
өліммен аяқталатын аса жұғымтал ауру.
Тарихи деректер. 
Шошқаның бұл ауруының клиникалық белгілерін 
алғаш рет Оңтүстік Африкада Хутчен (1903) сипаттады, ал Тейлор (1905) оны 
эксперименттік жолмен жұқтыруға болатындығын дэлелдеді. Мартгомери 
1911-1921 жылдары жап-жақты зерттеулер жүргізіп, ауруды вирус қоздыра- 
тындығын, үй шошқасына жасырын вирус алып жүретін жабайы шошқадан 
жүғатындығын анықтады. Сондықтан, кейінгі уақытта ауру осы зерттеушінің 
атымен атапа бастады. 1957 ж. дейін бүл індет Африканың экватордан төмен 
орналасқан елдерде ғана байқалды. Кейіннен ауру басқа құрлықтарға да та- 
рап, қазіргі уақытта Португалия, Испания, Орталық жэне Оңтүстік Америка- 
ның шошқа шаруашылығы дамыған бірқатар елдерінде түрақты орын алды.
Қоздыруышысы 
-
African swinefeverirus
- қүрамында ДНҚ бар 
Iridoviridae
түқымдастығына жататын вирус. Вириондары иксаэдр пішінді, 
торшаның цитоплазмасында орналасады. Репродукциясы макрофагтарда (мо- 
ноциттерде) өтеді де, ең жоғарғы шоғырлануды эритроциттерде байқалады. 
Сыртқы ортада аса төзімді, шошқа қорасында 3, топырақта - 4, өлекседе - 2,5 
ай сақталады, бұлшық етте, сүрленген шошқа етінде 6 айға дейін тіршілігін 
жоймайды.
Індеттік ерекшеліктері. 
Африкалық обамен тек қана шошқа ауырады. 
Әсіресе, үй шошқасы жэне европалық жабайы қабан өте сезімтал, ал афри- 
калық жабайы шошқалар біршама төзімді келеді де, ауру оларда жасырын 
симптомсыз өтіп, денесіндегі вирусты тек қана үй шошқасына биосынама 
қойып айқындауға болады.
Ауру қоздырушысының бастауы - ауру жэне ауырып жазылған шошқа- 
лар. Соңғылары 2 жыл жэне одан артық уақыт вирус алып жүреді. Шошқаның 
денесінен вирус барлық секреттер мен экскреттер арқылы бөлінеді. Сыртқы 
ортадағы заттар: қүрал-жабдықтар, көлік, жем, су, көң, топырақ, т.б. аурудың 
жүғу факторы болады. Вирус денеге негізінен алиментарлық жолмен, соны-
376


мен қатар, ауамен, зақымданған тері арқылы жәяе денесінде вирус бар кене 
шаққанда жұғады. Ең қауіпті берілу факторына ауырған шошқаны сойғанда 
алынған өнімдер, тағам қалдықтары жашды. Адам жэнс бұл ауру±а 
бсйім 
емес жануарлар, құстар, кемірушілер жэне жәндіктер вирустың механикалық 
тасымалдаушылары болуы мүмкін. Африка обасы кең тараған аймақтарда 
вирустың қорламасы және тасымалдаушысы 10-12 жыл шамасы өмір сүретін 
аргас кенелері болып табылады.
Шошқаның африка обасы індет түрінде өтеді. Онымен жануарлар жа- 
сына қарамай ауырады. Ауру тұрақты байқалатын өлкелерде кезеңділігі 
байқалады да, өршуі Африкада 2-4, Европада 5:6 жыл өтқенде қайтала-нады.
Аурудың ең басты ерекшелігі - өте тез жайылып, шалдығу және өлім 
көрсеткіштері 98-100% дейін жетеді. Кей жағдайда лаң (панзиотия) рстінде 
байқалып, бірнеше мемлекеттерді қамтуы мүмкін. Сондықтан оған қарсы 
сақтьіқ шаралары аурудан сау аймақтарда да жүргізілуге тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет