Оқулық. Алматы, 518 бет


Патологиялық-анатомиялық өзгерістер



Pdf көрінісі
бет315/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. 
Өлексені сойғанда м ін деп і 
түрде бас сүйегінің беттік бөлігін ұзынынан жэне көлденеңінен арамен кесіп, 
тексеру керек. Аурудың бастапқы кезеңінде танау қуысында қою шырыш жи- 
налып, оның кілегейлі қабығына қан толады. Аурудың соңғы кезеңдерінде, 
эсіресе, аурудың жасырын не анық білінбейтін түрінде, эр түрлі Дәрежедегі 
танау кеңсірігінің семуі анықталып, кейде жоғарғы жақ сүйектің қысқарғаны 
байқалады. Аурудың ауыр түрінде танау кеңсірігі толық семіп, кеңсірік қуыс- 
тары бір-бірімен қосылып кетеді. Сүйек ұлпасы ыдырап, жоғарғы жақтың 
қуыстары бір-бірімен жэне азу тістердің қуыстарымен қосылып, малдың 
тістері босап түсіп қалады. Кеңсірік шеміршегі қисайыи, өзгереді. Танау 
қуысында иісі жағымсыз бөлінділер жиналып, кілегей қабық өліеттеніп, сы- 
дырылып, астынан сүйегі көрінеді. Кей малдарда ортаңғы құлақтың сүйектері 
ыдырап, ірің жиналады.
Ауру шошқалардың басым көпшілігінде өкпенің, ішек-қарынның қабы- 
нуы, мида іркілімдер кездеседі. Маңындағы сөл бездеріне іріңдіктер, ішкі 
ағзаларда лимфоидты-ретикулярлы торшалардың көбейгендігі (жиынтықта- 
ры), дегенеративті-өліеттенулік өзгерістер кездеседі.
Балау. 
Аурудың өзіне тэн клиникалық белгілері болған жағдайда балау 
қою қиынға түспейді. Сондықтан ауруға тексергенде індеттанулық деректер, 
клиникалық белгілер жэне өлексені, не арнайы өлтіріп сойғандағы зардапты 
өзгерістер ескеріледі.
Ауру табында жаңа басталған кезеңде балау қою белгілі қиындықтар 
туғызады. Ондайда барлық мал басын клиникалық тексеруден өткізіп, ауруға 
күмәнді 3-4 шошқаны сойып, тексеріп қарайды. Ауруды анықтау мақсатында 
рентген жэне риноскопияны пайдаланып, танау сорасын ауру қоздырушы- 
сына тексереді. Сондай-ақ, аурудың танаудың кілегейлі қабығының қабынуы, 
жақ тістерінің беттеспеуі сияқты белгілеріне көңіл аударады. Бір ескеретін 
жэйт, кейбір шошқа түкымдарында (әсіресе, қысқа түмсықтыларда) жоғарғы 
танау терісінің қатпарлануы, жақ сүйектерінің дұрыс беттеспеуі олардың 
өзіндік түқымдық ерекшеліктері болып есептелінеді.
398


50-сурет. Атрофиялъщ ринит кезінде шоіиқаның түмсыгыныц цисаюы.
Серологиялық реакциялар ауруды балауда кең қолдану таппады.
А ж ы раты п балау. Атрофиялық ринитті тұмаудан, өліеттенулік танау 
қабынуынан, энзоотиялық өкпе қабынуынан ажыратады.
Түмау жылдам таралып, жіті түрде өтеді.
Өліеттенулік танау қабынуында танаудың жұмсақ ұлпалары, шеміршегі, 
сүйегі ыдырап, ойық жаралар кездеседі.
Энзоотиялық өкпе қабыну жөтелмен, дене қызынуымен сипатталып, жай 
таралып, көп шығын болмайды.
Емі. Емдеу ауру жаңа басталған кезінде нәтиже беруі мүмкін. Осы мақ- 
сатта антибиотиктерді, сульфаниламидтерді, Д витаминін пайдаланады. Танау 
қуысына йодтың 1:500, Люголь, ашудастың, фурацилин, АСД, 3% сутегінің 
қос тотығының, риванолдың 1:1000, т.б. ерітінділерін жіберіп емдёйді. Ауру 
жаңа білінген малдарды емдеп, кеңсіріктің семуін болдырмауға болады. 
Бірақ, жазылған шошқалар көп уакытқа дейін микроб алып жүретіндіктен 
оларды тұкымға қалдыруға болмайды, семіртіп етке өткізеді.
Иммунитет. 
Ауырып жазылған сақа шошқалар қайталап ауырмайды, 
жэне олардың қанын торайларды дауалауға пайдалануға болады. Жапонияда, 
АҚШ-та телімді дауалау үшін тірі жэне өлтірілген вакциналар қолданылады. 
Вакцинамен мегежіндерді торайлауға 8-9 жэне 4-5 апта калғанда екі кайта 
егеді. Олардан туған торайларды 3-4 жэне 5-6 апталығында тағы да екі реттен 
вакциналайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   311   312   313   314   315   316   317   318   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет