Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет394/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Қоздырушысы 
-
M yxom a leporipoxvirus
шешек вирустарының тұқым- 
дастығына 
жатады, құрамында ДНҚ бар, қояндар мен тиіндердің фибромато- 
зының 
қоздырушысымен (Шоуп вирусы) бірге лепорипоксивирустар гуыстас- 
тығын қүрайды. Фиброматоздың вирусымен антигендік қүрамы өте жақын, 
сондықтан 
олар айқыш иммунитет тудырады. Морфологиялык қүрылысы 
шешек 
вирустарына өте ұқсас.
476


Миксоматоздың вирусы эфирге, формалинге, сілтілерге сезімтал. 55°С-та 
25 минутта өледі. Сыртқы ортада 8-10°С-та 3 айға дейін, өлекседе 7 күн, 
топырақта қыс мезгілінде - 10 апта, 15-20°С-та кептірілген қоян терісінде 10 
айға дейін, 50% глицерин жэне мүздатылған күйінде 2 жылдан артық сақ- 
талады.
Індеттік ерекшеліктері. 
Мисоматозға үй қояны өте сезімтал. Жабайы 
қояндардың кейбір түрлері жеңіл ғана ауырады. Ауру қоздырушысының бас- 
тауы - үй жэне жабайы қояндар. Вирус буынаяқты жэндіктер арқылы механи- 
калық жолмен беріледі. Сонымен қатар, жанасу арқылы да беріледі.
Дерттенуі. 
Тері арқылы енген вирус 48 сағат мөлшері уақыт өткенде сөл 
арқылы сөл түйіндеріне жетіп, 72 сағаттан кейін қанға түсіп, кейіннен көк- 
бауыр мен бауырда орын тебеді. Бұл ағзалардың паренхимасында жедел 
көбейген соң виремия қайталанып, нэтижесінде тері мен кілегейлі қабықтарда 
зақымданған ошақтар пайда болады. Ауру қосалқы инфекциялармен асқын- 
ғанда жоғарғы тыныс жолдарының жіті катары өрбиді. Аурудың жасырын 
кезеңінің соңында қан сарсыуында антиген-антидене-комплемент кешендері 
пайда болады.
Өтуі мен симптомдары. 
Жасырын кезеңі 3-11 тэулік. Ауру жіті өтеді. 
Ауырған қоянның көзінен бастапқыда кілегейлі, кейіннен іріңді сора ағады. 
Қабақтары, құлақтарының түбі, бұты, арқасы мен басқа телімдері жіті домбы- 
ғуға ұшырайды. Домбыққан телімдерінің мөлшері 3-4 см, терісі қатпарланып, 
құлақтары салбырап, қоянның бас пішіні арыстанға ұқсайды. 9-11 күн өткенде 
ауру шегіне жетіп, қоян өте жүдеп, пысылдап дем алып (ринит), тынысы 
жиілеп, қырылдайды (пневмония), кілегейлі қабықтары бозғылт тартады. 
Әдетте ересек қояндар 10-14 күн, ал көжектер 5-6 күн өткенде өліп қалады. 
Кейде ауру 2-4 аптаға созылғанымен, ақыры жайсыз болады.
Миксоматоздың кэдімгідей емес түрі де кездесіп, ауырған қоян күйзе- 
ліске ұшырап, ыстығы көтеріліп аппетиті жоғапғанмен миксоматозға тэн 
симптомдар байқала қоймайды. Мұндай жағдайда қоянның қүлағы, қабағы 
мен басының терісінде бөріткендер пайда болып, 3-4 аптадан кейін жазылып 
кетеді. Індет процесінің соңында вирустың уыттылығы төмен штаммдардың 
пайда болуына байланысты ауру жеңіл өтіп, жаСырын кезеңі үзара түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   390   391   392   393   394   395   396   397   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет