Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет392/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Өтуі мен симпгомдары 
Жасырын кезеңі, қанда антиденелер пайда 
болғанға дейін 6-150 күн, көбінесе 10-15 күн. Клиникалық белгілері аңның 
өлерінен біраз бүрын ғана, вирус жұққан соң .1-24 айдан кейін байқалады. 
Ауруға тэн белгілер: күзен тез жүдеп, ауызынан, мүрынынан қан ағып, кіле- 
гейлі қабықтары бозарып, нэжісі қара майға ұқсап, іші өтіп, шектен тыс шөл- 
дейді. Егер ұрғашы күзен ылықпай түрып ауруға шалдықса іш тастайды, 
қысыр қалады, күшіктесе күшіктеріне жоламайды. Ауырған аң .бүйректің 
қызметінің бүзылуынан жэне қосалқы инфекциядан (сальмонеллез, псевдо- 
моноз, т.б.), шектен тыс арықтаудан (кахексия) өледі.
Патологоанатомиялық 
өзгерістер. Өлген күзенді сойып қарағанда 
көрінетін ауруға тән өзгерістер: кахексия, 
к ө к б а у ы р д ы ң , 
бүйректің, бауырдың 
ұлғаюы. Көк бауыр тығызданып 5-10 есе ұлғаяды. Қабығының астында көк- 
шіл, қоңыр қанталаулардан сыртынан қарағанда бүйрек теңбілденіп көрінеді. 
Бүйректің өзі сарғылт-сұр түсті, бозғылт өліеттенген ошақтары болады. Ауру 
созылмалы өткенде бүйрек бүрісіп, үсті қатпарланып тұрады. Бұндай өзге- 
рістер нефрозонефритке тэн, ұлғайған бауырда оншама ерекше өзгерістер 
болмайды. Қарын мен ауыздың кілегейлі қабықтарында қанаған ойылымдар 
ұшырайды.
Балау. 
Індеттанулық деректер, клиникалық белгілері, патологоанато- 
миялық 
өзгерістері 
ескеріліп 
иммуноэлектроосмофорез : реакциясымен 
(ИЭОФР) серологиялық зерттеу жүргізіледі. Сонымен қатар, гистологиялық 
тексеру де құнды нэтиже береді.
Алеут ауруын бауырдың алиментарлық майлы дистрофиясынан, псевод- 
моноздан ажырату қажет.
Емі. 
Витаминдер, глюкоза, протеин гидролизаттары, электролиттер 
ерітінділері мен симптоматикалық ем қолданылады. Қосалқы инфекцияға 
қарсы антибиотиктер, дерттену процесіне қарсы бағытталған иммунодепре- 
санттар (Ікг салмағына 5 мг 6-меркаптопурин немесе 0,5-1 мг метотрексант) 
беріледі. Бұндай ем аңды жетілгенше ұстай тұру мақсатында қолданылады. 
Телімді емдік препараттар жоқ.
475




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет