B. suis
шошқа, қоян, солтүстік бұғысы үшін зардапты 4 биотипі бар,
оньің 1, 2 жэне 3-шісі шошқада, 2-ші биотипі қоянда, 4-шісі бұғыда тоғышар-
лық етеді.
В. neotdmae
шөлейттегі егеуқұйрықта
(Neotdma lepida)
кездеседі. 1957 ж.
АҚШ-та бөлініп алынған. Адам үшін зардаптылығы беймәлім. Биотипке бө-
лінбейді.
B.ovis
қой үшін зардапты, қошқардың жұқпаиы эпидидимитінің қоздыру-
шысы. Адам үшін зардаптылығы түбегейлі анықталған жоқ. 1953 ж Жаңа
Зеландия мен Австралияда бөлініп алынған. Биотипке бөлінбейді.
B.canis
ит үшін зардапты, бүл жануардың эпидидимиті мен іш тастаудың
себепкері. 1968 ж АҚШ-та тазы иттерден бөлініп апынған. Адамға зардапты-
лығы белгісіз. Биотиптерге бөлінбейді.
Халықаралық таксономиялық комитеттің шешімі бойынша (2003 ж.)
барлық бруцеллалар бір түрге біріктіріліп,
В. melitensis
деп аталатын болды.
Бруцеллалар полиморфты, сыртқы бейнесі коктар тэрізді, сопақшалау,
таяқшаға үқсас болып келеді. Спора және қауашақ түзбейді, қозғалмайды,
грамтеріс. Сарысулы жэне Хоттингер ортасында, ет-пептон агарында (ЕПА)
өседі. Ең жақсы өсін бауырдан жасалған глицерин мен глюкоза қосылған
орталарда, қүрамында балық пен дрожжалар гидролизаттары бар Д ортасын-
да, шарана көмірсуы - эритритол қосылған эритрит агарда байқапады. Бру-
целлалардың терең орналасқан О жэне бетінде орналасқан S антигендері бар.
S-антигенінің А жэне М екі түрі кездеседі. А-антиген
B.abortus,
ал М-антиген
В. melitensis
түрлерінде басым болады. Микробтың R-формасы эр түрлі дәре-
жеде S-антигенін жоғалтады да, бруцелланың минус вариантында бүл анти-
ген мүлде болмайды. S-R диссоциациясы S-антидененің, ал S-R диссоциа-
циясы бактериофагтың қатысуымен трансдукция аркылы жүреді. Сонымен
қатар L-трансформация мен антигендік мимикрия да табиғат жағдайында
орын алады.
Бруцеллез қоздырушысының физикалық жэне химиялық факторлардың
эсеріне төзімділігі орташа, 60°С кезінде 30 мин. 70°С-та 5-10 мин өткенде, ал
90-100°С-та бірден өледі, Ет жэне көңде, жемшөпте 4 айға дейін сақталады.
Кэдімгі дезинфектанттардың жалгіылай қабылданған концентрациясы толық
зарарсыздандырады.
L-трансформацияға және диссоциацияға үшыраған бруцеллалар грам оң,
ал Козловский эдісі бойынша көк түске боялуы мүмкін. Бүндай гетере-
морфты бруцеллалар өзгере бастаған сэтте осы микроб түріне арналған орта-
ларда: эритрит-агарда, ет-пептон-бауыр-агарында өсе береді. Бірақ, жақсы
өсін 10-20 % шарана суы немесе қан сарысуы қосылған ортада алынады.
Достарыңызбен бөлісу: