Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет112/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Иммунитет 
туберкулез кезінде стерильді емес, сондықтан негізінен 
организмде аурудың қоздырушысы болғанда ғана сақталады. Иммунитеттің 
сақталуына туберкулез қоздырушысының сүзілетін түрінің (L-форма) айрық- 
ша маңызы бар екені дэлелденді. Медицинада қолданылатын БЦЖ вакцина- 
сымен туберкулезге қарсы күзенді егеді. Аурудан сау емес аң фермасында 
туғанынан соң 20-30 күн өткен күзен күшігіне осы препарат жіберіледі. 
Егілген аңда иммунитет 6-8 ай сақталады.
Дауалау және күресу шаралары. 
Туберкулезбен күресу шаралары сау 
шаруашылықтарды сырттан ауру әкелуден қорғауды, ауырған малды уақы- 
тында анықтау үшін жүйелі түрде диагностикалық тексеру жүргізуді сау емес 
шаруашылықты сауықтыру үшін ауру малды сойып, сау төлді жеке бөліп 
өсіруді, сыртқы ортада ауру қоздырушысын жоюға жэне сау малды қорғауға 
бағытталған ветеринариялық-санитариялық жэне үйымдастыру шаруашылық 
шараларын іске асыруды жэне адамға ауру жүқтырмау жолдарын қарасты- 
рады.
Сау шаруашылықтардағы барлық шаралар сырттан ауру қоздырушысын 
экелуден қорғауға бағытталады. Ол үшін фермаға туберкулезден таза шаруа- 
шылықтардан сау малды ғана алады. Әкелінген малды 30 күндік карантин ке- 
зінде туберкулезге тексереді. Жемшөпті туберкулезден сау шаруашылықтар- 
дан ғана алады. Төлге берілетін көк сүт пастерленіп, жиналған ас қалдықтары
158


термиялық өңдеуден өткізіледі. Малды күтуге туберкулезбен ауыратын адам 
жіберілмейді, ферманың территориясында құс ұстауға рұқсат етілмейді. Қора 
жайларды оқтын-оқтын дезинфекциялап, кемірушілер мен кенелерді жойып 
огырады. Асыл -тұқымды мал өсіретін шаруашылықтарда торфты төсеніш 
ретінде қолдануға жэне жемшөпке қосуға рұқсат етілмейді. Өйткені торфта 
болатын қышқылға төзімді микробтар туберкулинге парааллергиялық реакция 
береді.
Туберкулездің таралуына жол бермеудің ең басты-шарты - аурудың шы- 
ғуын уақыттылы анықтау ол үшін реіггі түрде тексеру жүргізіп түру қажет. 
Міндетті түрде туберкулезге тексерілуге тиіс малдар: сиырлар, құнажындар 
мен қабандар. Тексеру реті: ірі қараны асыл гұқымды шаруашылықтарда, мал 
кешендерін толтыру үшін мал беретін, балалар мекемелеріне, емдеу орында- 
рына, демалыс үйлеріне жэне сауда жүйесіне гіқелей сүт беретін шаруашы- 
лықтарда жэне туберкулезден сау емес мекендермен тікелей шекаралас бол- 
ған жағдайда жылына 2 рет гексереді.
Асыл түқымды шоіііқа фермаларында және шошқаны өсімге берегін 
(репродукциялық) шаруашылықтарда мегежіндерді торайларын бөлген соң, 
ал қабандарын жылына 2 рет тексереді. Басқа шаруашьілықтарда меі ежін- 
дерді, қабандарды, қажет болғанда 2 айдан асқан торайларды жылына бір рет 
тексереді.
Құс жэне терісі бағалы аңдарды өсіретін щаруашылықтарда тубёркулезге 
бақылау негізінен сойылған немесе өлген жануарларды патологоанатомиялык 
жолмен тексерудің туберкулезді дер кезінде байқау үшін маңызы аса зор.
Туберкулез шыққан жағдайда шаруашылықты (ферманы) сау емес дегі 
тауып, карангин қояды да, сауықтыру шараларын іске асырады.
Туберкулезден сау емес ірі қара шаруашылықтарында реакция беретін 
жануарларды жедел оқшаулап 5 күңнің ішіңде етке өткізеді. Ауру малдан 
туған төлді оқшау жағдайда бордақылап етке өткізеді. Туберкулезге реакцяя 
бермеген қалғая жауарларды эрбір 30-45 күн сайыи қатарынан 2 per бүкіл 
табын бойынша теріс нәтиже алғанға дейін туберкулезге тексереді. Бұдан ке- 
йін тағы да 3 ай үзіліспен 2 рет бақылау тексерісін жүргізеді. Теріс нәтиже 
алған жағдайда, егер туберкулезге күдік гуғызатындай негіз болхмаса, бұл 
табындағы малдарды туберкулезден сау деп есептейді. Сау емес фермадағы 
туберкулезге реакция бермейтін сиырлардан туған бүзауларды оқшау жағдай- 
да өсіреді. Оларға сау сиырдың сүтін немесе өз енелерінің зарарсызданды- 
рылған сүтті (көк сүтті) ішкізеді, екі айға толғанда туберкулинмен тексереді, 
оң реакция бергендерін оқшаулап, бордақыланған соң егке өткізеді. Реакция 
бермегендерін 30-45 күн үзіліспен тағы да 2 рет, одан кейін 3 ай өткен соң 
тексереді. Бүкіл табын бойынша теріс нәтиже алынса, оларды сау деи тауып, 
шаруашылықтың әз ішінде ғана малданады.
Қүс
өсіретін шаруашылықтарда барлық туберкулезбен ауырған және күйі' 
кеткен құстарды жедел оқшаулап, сояды да қалған басты түгелдей жемдеген- 
нен кейін етке өткізеді.
Аурудан сау емес қүс фермасынан алынған жұмыртқаны нан-тоқаш 
тағамдарын пісіруге пайдаланады.
159


Шоиіқа
фермаларында туберкулинге реакция беретін хайуандарды оқ- 
шаулап, бірден немесе бордақылап етке өткізеді. Қалған шошқаларды 2 айға 
толғанынан бастап түгелдей эрбір 30-45 күн сайын туберкулезге тексеріп, 
бүкіл табын бойынша 2 рет қатарынан теріс нэтиже алғаннан соң оларды сау 
деп есептейді.
Жылцыны,
егер ол туберкулинге реакция берсе, оқшаулайды да 45-50 
күннен соң қайта тексереді, тағы да реакция берсе етке өткізеді. Қалған басты 
45-60 күн сайын туберкулиндейді де, бір рет түгелдей теріс нэтиже алғаннан 
соң сау деп есептейді.
Қой мен еиікініц
оң реакция бергенін сояды да, қалған отарды 45-60 күя 
сайын бір рет теріс нәтиже алғанға дейін тексереді.
Ац өсіретін іиаруаіиылықтарда,
егер бір өндіріс айналымында (күшікте- 
геннен терісін алғанға дейін) әлген жэне сойылған жануарлардың ағзаларын- 
да туберкулезге тэн өзгерістер табылмаса, онда аурудан сауықтырылды деп 
есептеледі.
Түііені
туберкулезге қайитын мезгілдің алдында, ал ботасын 12 айға тол- 
ғанда тексереді. Әрбір 60 күнен кейін бүкіл табын бойынша екі рет қатарынан 
теріс нэтиже алғанға дейін туберкулиндейді. Бүдан соң тағы да 3 ай үзілістен 
соң 2 мэрте бақылау ретінде тексереді де, ауру табылмаса шаруашылық 
сауықтандырылған болып есептелінеді.
Марал, теңбіл жэне солтүстік бұгысын
қараша-желтоқсан айларында, 
ал аталықтарын қосымша шілде мен тамызда тексереді. Туберкулинге оң 
реакция байқалса, жануарларды эрбір 30-45 күн сайын тексереді. Теріс реак- 
ция алғанан соң аталықтарына 2-4 айдан соң бақылау тексерісін жүргізеді, ал 
басқа жануарларды 8 айдан кейін тексереді.
Туберкулезге көп мал шықса ондай табынды ары қарай тексермей түгел- 
дей етке өткізу аурудан сауықгырудың ең тиімді жолы болып табылады. Мүн- 
дай жағдайда қорытынды ветеринариялық-санитариялық шараларды мұқият 
іске асырып, жаңадан сау мал әкелінеді.
Атаулар мен ұғымдар
Туберкулез, tuberculosis, phthisis, фтизиатор, Mycobacterium tuberculosis, 
Mycobacterium bovis, Mycobacterium avium, Mycobacterium piscium, атиптік 
микобактериялар, 
Раньонның 
жіктемесі, 
парааллергиялық 
реакциялар, 
микобакгериоз, Циль-Нильсен әдісі. Қоректік орталар: Петраньянидің, 
Левенштейн-Иенсеннің, Гельбергтің, Сатонның. Туберкулум, туберкулез 
бүдырмағы, казеоз, миллиарлық туберкулез, меруергтену. Туберкулиндер: 
ППД, альтуберкулин, КАМ. БЦЖ вакцинасы.
Бақылау сұрақтары
1. 
Ауруға қатысты өзекті мәселелер саналатын негізгі мэліметгер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ёрекше-
160


ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық езгерістер, 
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
2. Туберкулезден сау шаруашылықта сиыр туберкулинге оң реақция бер- 
се түпқілікті диагнрз қою үшің ңе істеледі?
3. Туберкулезге диагноз кою үшін 
1
1аі олоіч>ан аш м и я л ық іекссру қалай 
жүргізіледі?
Тагісырмалар
1. Сүт өндіретін кешенде 200 сиыр бар. Туберкулинмен тексергенде 4 
сиыр оң нэтиже көрсетті, екеуін сойып тексергенде, біреуінде туберкулезге 
тән өзгерістер байқалып, бактериология оң нәтиже берді. Осы жағдайда 
жүргізілетін щаралардың жоспарын жасаңыз.
2. Сиыр өсіретін шаруа қожалығында жүзден артық сиыр бар. Тубер- 
кулезге аллергиялық тексеру кезіңде үнемі 3-5 бас оң реакция береді. С.ойып 
тексергенде туберкулез анықталмайды (патологиялык өзгерісіер жоқ, бакте- 
риологиялық тексерудің нэтижесі теріс). Бұл жағдайдан қалай шығуға бола- 
ды?
9.4. Бруцеллез
Бруцеллез 
(Brucellosis) -
созылмалы өтетін, іш тастау, шуы түспеу, эндо- 
метрит, ррхиг жэне жануарлардьщ жыныстық қабілетінің бұзылуы, арқылы 
ерекшеленетін жүқпалы ауру.
Тарихи деректер. Бруцеллездің адамда байқалатын белгілерін Гиппо- 
крат сипаттады, ал жан-жақты зерттеулер 18-19 ғ. жүргізілді. Ф.Марстои 
(1861) Мальта аралында бруцеллез адамның әз алдында дербес ауруы 
екендігін көрсетті, ал Д. Брюс (1877) оның қоздырушысын бөлігі алыи 
Micrococcus melitensis
деп атады. Бұлар ағылшын ғалымдары еді. Даниялық 
ветеринария дәрігерлері В. Банг жэне Стрибольт (1896) ауру қоздырушысын 
іш тасталынған бүзаудан, ал американдық Траум (1914) іга тасталынған 
торайдан бөліп алды. Бүл микробтар 1918-1920 жылдар аралығында бір 
туыстастыққа біріктіріліп, Брюстің қүрметіне Бруцеллалар деп аталған.
19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басында бруцеллез ауылшаруашылық маддардың ара- 
сында барлық жерде де кеңінен тарады. Қазақстанға бұл ауру Еуропалық 
өлкелерден келді, оны алғаш рет 30-жылдары Семей облысында Тасбүлақ 
деген жерде ветеринария дэрігері Тевельский анықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет