глицеринді ЕПС мен ЕПА, Петраньянидің, Левенштейн-Иенсеннің, Гель-
бергтің, Сатонның қоректік орталары қолдаңылады. Микобактериялар өте
баяу өседі: адамға тэн түрі 20-30 күн өткен соң, сиырға тэн түрі 20-60, құсқа
тән гүрі 11-15 кұнен соң өсін береді.
Төзімділігі өте жоғары. Өсіндіде 8-10 ай өткен соң өледі. Қақырықта 5-6
ай, ірі қараның тезегінде жазғы жайылымда !2 ай, қысқы уақытта 5 ай, кей
жағдайда одан да ұзақ сақталады. Ең төзімді түрі -
M .avium.
Кептіруге,
шіруге, төменгі температураға өте төзімді. Күн сәулесі жэне жоғары темпе-
ратура тез жойып жібереді.
Туберкулездің қоздырушысы дезинфектанттарға төзімді. Зарарсыздан-
дыру үшін
хлорлы препараттар, олардың ішінде хлораминнің 3-5% ерітіндісі,
5% белсенді хлоры бар хлорлы әк, формальдегидтің сілтілік ерітіндісі (3%
формальдегид жэне 3% күйдіргіш натрий) пайдаланылады. Қораны зарарсыз-
дандыру үшін хлорлы жэне жаңадан сөндірілген экпен ағартуға болады.
Індеттік ерекш еліктері. Туберкулезге 50-ден астам үй жэне жабайы
хайуандар, 20-дан астам қүстар шалдығады, олардың ішіндегі ең сезІмтал-
дары: теңіз тышқаны, маймыл, ірі қара жэне тауық. Бүларға жуық шошқа,
марал, түйе, ал терісі қүнды аңдардан - күзен түрады. Сирек ауыратын жа-
нуарларға ешкі (табиғи жолмен жүкканда сирек, қолдан жүққанда
жиі ауы-
рады), ит, құстардан - қаз, өте сирек ауыратындарға қой, жылқы жэне мысық
жатады. Туберкулезге адам аса бейім келеді.
Инфекция қоздырушысының бастауы - туберкулезбен ауырған жануар-
лар. Олар микобактерияларды нәжіспен, қақырықпен, сүтпен, сирегірек жағ-
дайда шэуетпен бөліп шығарады. Ауру малдың бөлінділері сыртқы ортаны,
қораны, ауланы, жайылымды, суатты ластайды.
Сондықтан қоздырушының
берілу факторларына жем, су, төсеніш, көң, т.б жатады.
Аурудың жүғуына малдың тығыз орналасуы қолайлы жағдай туғызады,
сондықтан инфекция жануарларға қорада ұстаған кезде жүғады. Жайыльімда
аурудың таралуы сирек байқалады, сөйтсе де ёгер жаз салқын жэне жауынды
болса, туберкулез жайьшымдагы малға да жаппай жұғады.
Микобактериялар сау малдың деңесіне ас қорыту жолы және тыңыс
жүйесі арқылы енеді. Бүзауға негізі сүтпенен алиментарлық жолмен, ал ере-
сек малға сонымен қатар аэрогендік жолмен жүғады. 'Шошқа мен қүсқа
негізінен алиментарлық жолмен жүғады. Тауықтың жұмыртқасы арқылы одан
шыққан балапанға трансоворияльдық жолмен де беріледі.
Аурудың тарауына ықпал жасайтын факторларға бағып күту жағдайлары
жатады. Етті сиырлар жайылымда ұсталғанда өте аз ауырады.
Егер оларды
қорада байлап ұстаса ауруға төзімділігі күрг төмендеп, туберкулезге бейімді-
лігі артады. Қорада үстау өзінен өзі туберкулездің себебі болып табылмайды,
егер қолдағы малды ретті түрде серуенге шығарып, жайып түрса, онда мал
жайылымдағыдай ауруға төзімді келеді.
Туберкулезге бейімділіктің тұқым қуалайтындығы жоққа шығарылып
келеді, дегенімен Бестужев түқымы төзімді, керісінше қара ала сиырлар
бейімірек.
152
Әдетте туберкулез табындағы малға баяу тарайды да, жаппай жұғу үшін
бірнеше ай уақыт өтеді. Оның себебі жасырын кезеңнің ұзақтығы жэне ауыр-
ған малдың барлығы бірдей микроб бөлмейді.
Дерттенуі. Денеге енген ауру қоздырушысының төңірегіндегі
торшалар-
дың пролиферациялық өсуі жэне экссудат бөліп шығару нәтижесінде қабыну
процестері өрбиді. Ол маңға көп ядролы алып торшалар мен эпителиоидты
торшалар шоғырланып, олардың сыртын лимфоидтық торшалар қоршайды.
Торшалардың арасында іркілген экссудат ұйып, фибриннен тұратын тор түзе-
ді, соның нәтижесінде тамырсыз туберкулез бүдырмағы - туберкула пайда
болады. Бастапқыда оның түсі бозғылт, формасы домалақ болып, үлкендігі
түйреуіштің басындай немесе бидайдай болады. Біраздан соң бүдырмақ дә-
некер ұлпалы қапсуламен қоршалады. Капсуланың ішіндегі ұлпа қоректік
заттар келмеген соң жэне микроб уының әсерінен бөлектеніп, ірімшік тэрізді
құрғақ езілген массаға (казеоз) айналады.
Егер бастапқы туберкулез бүдырмағы тек
қанаіқоздырушы енген жерде
(өкпеде, ішекте) пайда болса, ондай шектелген ошақ
Достарыңызбен бөлісу: