Түйенің аш ішегінде ошақты дистрофия жиі байқалады да, ішек жұқа-
рып, ар жақ-бер жағы көрініп тұрады. Тоқ ішегі эр жерінен жуандап, қат7
парланады. Шажырқай сөл түйіндері шектен тыс ұлғаяды. Сонымен қатар,
бауыры, көк бауыры, бүйректері зақымданып, жақ асты, жұтқыншақ жэне
шабындағы сөл түйіндері ұлғаяды.
Балау.
Диагноз қою үшін патологоанатомиялық жэне зертханалық зерт-
теулердің нэтижесі шешуші рөл атқарады. Ағзалардағы өзгерістердің ерекше-
ліктерін анықтап, зақымданған телімдерден жағынды алып, микроскоппен
қарайды. Патматериалды гистологиялық тексеруден өткізеді. Циль-Нильсен
эдісімен бояу арқылы микобактерияларды көру түпкілікті балау үшін негіз
болады.
Тірі жануарлардың нэжісіндегі жалқақты, ішегінен алынғак қырындыны
микроскопиялық тексеруден өткізеді. Циль-Нильсен эдісімен боялған жағын-
дыда микобактериялар қызыл-күрең түске боялып, шоғырлана орналасады.
Сиырды аллергиялық тексеру үшін қүс альттуберкулинін, ад қойды
тексеру үшін қүстың тазартылған ППД туберкулинін қолданады.
Серологиялық диагноз үшін ІСБР қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: