Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет190/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

10.4. Сиыр обасы
Сиыр обасы 
(.Pestis bovum,
чума крупного рогатого скота) - өлітию 
турінде, кілегейлі қабықтардың, эсіресе ішек қарынның кілегейлі қабықта- 
рының, ісініп өліеттенуі, дене қызуының көтерілуі арқылы ерекшеленетін, 
жіті өтетін вирустық ауру.
Тарихи деректер. 
Ауру туралы алғашқы жазба деректер біздің дэуірі- 
міздің бастапқы кезеңінде кездеседі. Оның жұқпалы екендігін Рамазини 
(1711) анықтап, кейіннен М.Г. Тартаковский (1895) жэне Н.Ф. Гамалея (1896) 
дәлелдеді. Қоздырушысын 1902 ж. Николь мен Әділбей ашты. XIX ғ. аяғына 
дейін сиыр обасы лаң түрінде дүниежүзіне кең тарады. Қазіргі уақытта Евро- 
ла, Америка мен Австралияда байқалмайды. Африка, кейбір Азия елдерінде 
ұшырасады.
Қоздырушысы 
-
Rinderpest morbilli virus -
қүрамында РНҚ бар пара- 
миксовирустар түқымдастығының 
Morbillivirus
туыстастығына жататын ви- 
рус. Мөлшері 86-126 нм, әр түрлі формада жэне өлшемде полиморфты келеді. 
Вириондарының басым көпшілігі домалақ немесе сопақша, ал кейбірі жіпше 
тэрізді болады. Сиыр обасының, ит обасының жэне қызылшаның вирустары- 
ның өзара ортақ антигені бар.
Төзімділігі. 
Сиыр обасының вирусы сыртқы ортада онша төзімді емес, 
60°С қыздыр-ғанда бірнеше минутга, түрғын үй температурасы жағдайында 
3-4 тэулікте өледі. 20°С-та 3-6 айға дейін сақталады. Ш іріген көңде тез өледі.
262


Жаздың күні өлекседе 20-30 сағат аралығында жойылады, - бірақ, сүйек 
майында 30 күнге дейін сақталады. Қүннің көзінде 30 сағ., ал жайылымда 36 
сағ/ іщінде өледі Сойылған малдың етінде вирустың сақталуы аутолиз про- 
цесінің жылдамдығына байланысты. Егер сүт қышқылы уақыттылы түзіліп, 
pH 
төмендесе вирус 4-6 сағ. өледі. Ac тұзы оны консервілейді. Сондықган, 
тұздалған етте 3 айға дейін сақталады. Сойылған малдың терісінде, көлеңкеде 
кептірілсе, вирус зардаптылығын 48 сағ., ал бауыздалмаған малдың терісінде 
24 сағ. жояды.
Дезинфекция үшін 2% белсенді хлоры бар хлорлы әк, 2% күйдіргіці 
натрий, 1% формальдегид қолданылады. Бүл ерітінділердің әсерінен вирус 
б.ірнеще минут іщінде өледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет