Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет187/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Өтуі мен симптомдары
Сиырда кампилобактериозға тэн түрақты сим- 
птомкомплекс байқалады. Оңың басты белгілері: шудың түспеуі, вагинит, 
эндометрит, салпингит жэне офорит. Бүлардың эсерінен малдың жыныстық 
қабілеті төмендеп, қысыр қалуы жиілейді.
Аурудың басты көрінісі - іш тастау. Буаз мал кез келген мерзімде іш 
тастайды, сүйтсе де негізінен 4-7 айлық кезде жиі байқалады. Аборт бастапқы 
2 айлық мерзімде де болуы мүмкін, бірақ, ол әдетте назардан тысқалады, ,Тек 
қана сиырдың қайтадан күйлеуінен оның іш тастағанын біледі. Әдетте іш 
тастаған малдың шуы ұзақ түспейді, вагиниттің асқынуы, метриттін белгІлері 
байқалады. Шалажансар, элжуаз бүзаулар туып, 2-3 күнде ауруға шалдығып, 
3-7 күн ішінде өліп қалады. Ауру жүққан соң кейбір сиырлар мен құнажын- 
дардың 1-2 апта өткенде денесінің ыстығы көтеріліп, мазасызданып, қынап- 
тың кілегейлі қабығы домбығып қызарады да, жалқақ бөлінеді. катарлы ва- 
гинит пайда болады. Жануар тыныш түрғанда арқасы күжірейіп, құйрығы 
көтеріліп, сарпайынан ірің араласқан қоймалжың сүйық бөлініп, қара-қотыр- 
ланып, тобарсып кеуіп, салбырап түрады. Д5Т20 күн өткенде қынаптың іші 
сарпайға таяу, жатырдың мойыны қанталап,! бөліндіге қан араласады. 40-60 
күн м өлш ерінде қабы нған ж ерлер бүды рлан ы п гран уляц и ялы қ вагинит,
259


вестибулит жэне цервицит байқалады. 3-6 ай өткенде қабынудың клиникалық 
белгілері өшеді.
Бұқаларда аурудың көзге түсердей клиникалық белгілері байқалмайды. 
Тек қана күпегі мен қамшысының кілегейлі қабығы қызарып, талаурайды, 
бастапқы 2-3 күнде суланып біршама сұйық бөлініп тұрады. Кейін бұл 
белгілері де өшіп, бұқалар өмір бойы кампилобактериозды алып жүруші 
болады.
Қойдың кампилобактериозының негізгі белгісі - буаздықтың екінші ке- 
зеңінде жаппай іші тастау. Іш тастаудан 3-5 күн бүрын кейбір малдарда бей- 
жайлық, күйзеліс байқалып, сарпайы ісініп, қызарып, шарана ағып тұрады. Іш 
тастаған малда метриттің белгілері байқалып, ыстығы 41,2-41,4°С жетіп, 
қынаптан қара қошқыл сұйық ағады. Ауруға басқа инфекция қабаттасса мал- 
дың 3-10% өледі.
Кампилобактериозбен ауырған тауықтың балапандарының 1 айға дейін- 
гілері өлімге (3-15%) ұшырайды, бройлердің салмақ қосуы 20-45%, мекен- 
дердің жұмыртқалауы 15-35% кемиді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет