Оқулық. Алматы, 518 бет


Сиырдың жұқпалы ринотрахеиті



Pdf көрінісі
бет206/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

10.7. Сиырдың жұқпалы ринотрахеиті
Сиырдың жұқпалы ринотрахеиті 
(Rhinotracheitis infectiosa bovum,
ин- 
фекционный ринотрахеит крупного рогатого скота) - қызуы көтеріліп, жо- 
ғарғы тыныс жолдарының катарлы-өліетті қабынуы жэне жыныс мүшелерінің 
зақымдануы арқылы ерекшеленетін, жіті өтетін жұқпалы ауру.
Тарихи деректер. 
Бұл ауру АҚШ-та белгілі болған. Бастапқыда ол екі 
дербес ауру ретінде қарастырылды: б ір і,- жыныс мүшелерін зақымдайтын 
жұқпалы пустулалы вульвовагинит, екіншісі - тыныс жолдарын қамтитын 
ринотрахеит. 1958 ж J. Gilltspic эріптестерімен екі аурудың қоздырушысы бір 
ған а герпесвирус екенін дәлелдеді. 1960 ж ы лд ард а бұл вирусты ң ересек
279


сиьірдың іш тастауының, an бұзауда менингоцефалиттің себепкері болатын- 
дығы анықталды. Осыдан кейін бұл аурулардың барлығы бір нозологиялық 
бірлікке біріктіріліп, жүқпалы ринотрахеит аталды да, әр түрлі органдардың 
зақымдануы осы аурудың клиникалық түрлері ретінде қарастырылатын 
болды.
Қоздырушысы (Bovid alpha herpesvirus
) герпесвирустар туыстығы мен 
гұқымдаетығына жатады. Құрамында ДНҚ бар, бір ғана антигендік типтен 
гұрады, әр түрлі ағзаларі а гұскенде, соларға бейімделіп, жоғарғы тыныс жол- 
дарын, жыныс мүшелерін, жүйкені, көздің кілегейлі қабығын зақымдайтын 
қасиетке ие болады. Бэрінен де тыныс алу жэне жыныс ағзаларының торша- 
ларына басымырақ бейімделеді.
Төзімділігі. 
56°С-та қыздырғанда 20 мину г, 37°С-та 4-10 тәулік, 22°С-та 
50 күн өгкеяде өледі. Төменгі температурада ұзақ уақыт сақталады. Лио- 
фильді кептіргенде уыттылығы өзгермейді, ал алма кезек мүздатып жібіт- 
кенде зардаптылығы мен иммуногендік қасиеті төмендейді. Дезифектанттар 
эдеттегі ерітінді күйінде зарасыздандырады.
Індеттік ерекшеліктері. 
Табиғи жағдайда тек қана ірі қара ауырады. 
Қолдан ешкі мен шошқаға жұқтыруға болады. Сиырдың барлық тұқымдары 
бейім, бірақ, етгі тұқымдарда ауру күштірек өтеді. Ересек түрлеріне қарағанда 
жас малдың бұл ауруға сезімталдығы жоғары. Әсіресе жатырдағы төл ерекше 
сезімтал, вирустың эсерінен тез өледі де, буаз мал іш тастайды.
Ауру қоздырушысының бастауы - ауырған жэне ауырып жазылған мал. 
Сауыққан мал 6-19 ай вирус бөліп шығарады. Вирус денеден танаудан аққан 
сорамен, көздің жасымен, мүшелерінен бөлінген сүйықтықпен, сүтпен, не- 
сеппен, нэжіспен, шэуетпен шығады. Вируспен ластанған ауа, су, жемшөп т.б. 
қоздырушылардың берілу факторы, ал ауру малмен жанасқан жәндіктер, 
қүстар, адам оның механикалық тасымалдаушылары болады. Әдеттегі жағ- 
дайда вирус малға аэрогендік жолмен, ал шағылысу кезінде тікелей жанасу 
арқылы жүғады. Ауру көбінесе өндірістік кешендерде шоғырланған малда 
байқалады, өйткені оның шығуына жануарлардың тығыз орналасуы, күтімінің 
нашарлығы, микроклиматтың жайсыздығы ықпал етеді. Әр жерден экелінген, 
иммунитеті эр түрлі деңгейдегі жануарлар ауруға тез шалдығады. Сонымен 
қатар, көп малдың арасында вирус тарап, жануарлар денесінде қайта-қайта 
пассаждан өтіп, зардаптылығын барған сайын күшейтіп, індеттің тез өршуіне 
жағдай жасалады.
Вирус денеге аэрогендік жолмен енгенде негізінен аурудың респира- 
торлық түрі, ал жыныс жолдарымен жүққанда генитальдік түрі дамиды. Бү- 
рын сау шаруашылықтарда алғаш рет байқалған инфекция мал басын тұтас- 
тай қамтыған жаппай індет түрінде өтсе, бара-бара екпіні бэсендеп өшкін 
түрде, бірен-саран спорадия ретінде байқалады, дегенмен ауа-райы қолайсыз 
күз, қыс, көктем айларында жиірек кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет