малдың сарпайы ісініп, күнтимесі, кынаптың кілегейлі қабықтарында, еркек
жануардың қанабының терісінде жэне кілегейлі қабықтарында, шыбығында
осындай өзгерістер болады.
Түйеніц эктимасы
жеткілікті зерттелген жоқ. С.Ж. Төлепбаевтың 1971 ж
деректері бойынша түйе мен қойда ауру қоздыратын вирустар бір-бірінен
дербес. Түйелер негізінен күздің соңы мен көктемнің басында ауырады.
Ауруға кез келген жастағы түйе шалдыққанымен, көбінесе бір жасқа дейінігі
боталар үшырайды. Бастапқыда ерін мен танау тесігінің айналасындағы тері
ісініп, ауырсынады. 1-2 күннен кейін үсақ қызарған бөрткендер пайда болып,
бір-бірімен қосылып, түсі күңгірттеніп, үстіңгі жағы жарылып, сызаттана
бастайды. Сызаттардан қанды экссудат бөлініп, тобарсып, қабыршақтанады.
Ауру басталған соң 3-4 күн өткенде жануардың температурасы 39°С дейін
көтеріледі. Субфибрильді температура 2-3 күннен кейін орынына түседі. Ауру
асқынбаса 2-3 аптада жазылады. Асқынған жагдайда еріннің ішінде пусту-
лалар пайда болып, ойылады. Дерт процесі айналасындағы ұлпаларға жайы-
лып, жануардың басы ісініп кетеді. Ауырған ботаның ауызынан исі жағымсыз
сілекей шүбырып ағады. Жануар өте тез жүдеп, кейде өліп қалады. Көбінесе
4-5 күн кризистен кейін аурудың беті қайтып, 30-40 күнде жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: