рынның кілегейлі қабығы сәл қабынып, жақ асты сөл түйіндері іріңдемей жай
ғана ісінеді. Ауырған жануардың танауынан ірің аралас сора ағып, денесінің
ыстығы аз уақытқа 39-39,5°С-қа көтеріліп, жемшөпке зауқы азаяды. Ауру
зілсіз өтіп 5-7 күнде сауығады.
Сақау асқынған метастазалық түрінде дамыса, онда мұрынның кілегейлі
қабығы, алқым сөл түйіндері қабынуымен қоймай, дерт процесі құлақ түбін-
дегі, мойын бездерін, шажырқай сөл түйіндерін қамтып, ішкі ағзаларда метас-
тазалық абсцессалар пайда болады. Ауру барысында дененің ыстығы көтері-
ліп, малдың күйі қүрт нащарлайды. Көбіңесе көздең жас ағып, жүтыңу қиын-
дап, түншығу белгілері байқалады. Әлбетте абсцесса аңқа ішінде жарылып,
ауыздан, мүрыннан ірің ағады. Егер ірің кеңірдекке іүссе, жіті аспирациялық
пневмония дамиды. Іріңді ісік мойынды да қамтып, егер қалың еттегі сөл
түйіндері зақымдаңса, онда іріңдеу процесі кеуде пердесіне өгіп плевро-
пневмания дамуы мүмкін. Мұндайда дененің ыстығы шегіне жете көтеріліп,
өкпеде қырылдаған дыбыс шығып, жүрек жүмысы әлсірейді. Метастаза ошақ-
тары бауырда дамыса, дене сарғая бастайды. Шажырқайдағы іріңді түйіндер-
дің әсерінен ас қорыту бұзылып, түйнек тэрізді үстамалар жиілейді. Егер м_үн-
дағы абсцессалар жарылса, іш пердесі қабынып перитонит дамиды.
Кей жағдайда сақаудың асқынуынан күітгі ауруі
(Morbus moculosus
)
пайда болады. Күптену сақау үзаққа созылса, эсіресе, арық, элсіз малдарда
байқалады. Бастапқыда жағы мен мойын астында қатты, салқын, ауырмайтын
ісік пайда болады, кейінірек ол үлкейіп сирақтарға, төс пен бауыр астына
тарайды. Мүрын мен көздің кілегейлі қабықтарында көп ноқатты дақты қан-
талау пайда болып, мүрыннан қызарған сүйық сора ағады. Дене қызуы артып,
40-41°С-қа жетеді, ентігіп танауы делдиіп, тынысы тарылады. Егер аурудың
өрбуі тоқтаса, 8-14 күнде жазыла бастайды, көбінесе 3-7 күн ішінде өліп
кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: