рианты малмен әкелінсе, жылқының күйі төмен болған жағдайда сақау қай-
тадан тарап, ұзаққа созылады жэне де жануарлар жасына қарамай түгел ауы-
рады. Сақауға қарсы қолдан егіп, иммунитет тудырар арнайы препарат әзірше
жоқ. Дегенмен, қоздырушының иммунитеттік қасиеттері оны жасауға эбден
болатынын көрсетеді жэне жүргізіліп, жатқан зерттеулер бірщама үміт күт-
тірер нәтижелер беріп отыр.
Д ауалау және күресу ж олдары . Сақаудан сақтандыру үшін малдың
күтімін төмендетпей, құнарлы жемшөппен қамтамасыз етіп, әсіресе қүлын-
дардың күтімін бие байлау, құлын бөлу кезінде, сол уақыттағы аса ыстықган
немесе суықган қорғап, сақтандыру қажет.
Аурудың малмен келмеуі үшін сырттан келетін жылқыны сақау жоқ
жерлерден алу қажет. Ал әкелінген жылқыларды дауалау карантинінде 30 күн
ұстайды. Жалпы жылқыны айына бір мэрте клиникалық байқаудан өткізіп
тұру керек, ал қораларды тазалап, жазғытұрым жэне күзде дауалау дезинфек-
циясын жасайды.
Сақау шыға қалған жағдайда жылқы фермасын сау емес деп жариялагі,
мал алып-беруге, жемшөп тасуға шектеу қояды. Әрбір зкылқыны клиникалық
тексеріп, дене қызуын өлшеп шығады. Ауру жылқыларды бөліп, жеке ұс-
тайды, қалғанын күя сайыы тексеріп отырады, күтімін жақсартып, бір-бірімен
араластырмайды. Қораны, оның айналасын тазалап, көңді биотермиялық за-
рарсыздандырудан өткізеді. Ауру малдар түрған қораларды жүмасына бір рет
дезинфекциялап түрады.
Жазылған малдарды жұмысқа біртіндеп жегеді, ал сау малдарды байқап
пайдаланады. Щаруашылықты індеттен сау деп ең соңғы ауру жылқы жазыл-
ған соң 15 күннен кейін хабарлайды. Ал шектеуді қорытынды ветеринария-
лық-санитариялық шараларды іске асырған соң барып алады.
Достарыңызбен бөлісу: