Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет271/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Патологиялык-анатомиялық 
өзгерістер. Сақау кэдімгі түрінде өрбісе 
алқымдағы сөл түйіндерінде іріңді, ал аңқа мен мүрынның кілегейлі қабы- 
ғында катарлы іріңді қабыну байқалады. Сақаудың метастазалық түрінде ірің- 
ді ошақтарды сөл түйіндерінде, ішкі ағзаларда, буындар мен желівде кезік- 
тіруге болады, кейде перитонит немесе плеврит үшырайды. Егер мал күпті 
сақаудан өлсе, онда көмейдің, жүтқыншақтың, мүрын қуысының кілегейлі қа- 
бығы ісініп, жалқақтанады. Оларда көптеген қанталаған дақтар, өліеттенген, 
ойылған телімдер кездеседі. Тері астындағы шелде қанталаған орындар, кө- 
лемді, сары түсті жалқақтар үшырайды.
Б алау клиникалық білгілері, зертханапық зерттеулер мең індеттенулық 
деректер негізінде анықталады. Сақаудың сырт белгілері өзіндік ерекшелік- 
терімен дамитын болғандықтан элбетте клиникалық балау қиынға соқпайды. 
Егер мал өлсе, онда патологиялық-анатомиялық өзгерістерін ескереді. Зертха- 
наға зақымданған мүшелерден кішкене кесінді алып жэне жарылмаған іріңді 
сөл түйіндерін жібереді. Ауру малдан лабораторияға сөл түйіндеріндегі абс- 
цессадан шыққан, болмаса мүрыннан аққан ірің немесе клиникалық жазылған 
малдан 10% глицерин ерітіндісімен танаудан шайып, содан-соң қырып, жинап 
алған материалды зертханада микроскоппен қарап зерттейді, ал қажет болған
345
I


жағдайда жасанды қоректік ортаға себінді жасап, сақау стрептокок өсіндісін 
■белііі алады, кейін оны типке ажыратып, анықтайды.
Ажырагын балау. 
Сақаудың маңқадан (танау маңқасынан), кеңсірік жа- 
рақатынан ажырату қажет. Маңқаға шалдыққан жылқыда ірің бір-ақ мү- 
рыннан ағады жэне сөл түйіні қабынғанымен іріңдемейді. Маңқа көбінде 
созылмалы өтіп, дене қызуы тым артпайды. Егер күмәнді жағдай болса, көзге 
маллеин тамызып тексереді.
Емі. 
Індет ошағында ауырған малды бірден бөліп, жылы құрғақ қораға 
қояды немесе желсіз ықта ұстайды. Күтімін жақсартып, қүнарлы жұмсақ 
жемшөп береді. Жұтынғанда ауырсынатын болса, быламық қойыртііақ жасап, 
суды жылытып береді. Ауырған құлынның енесін саумай, түгелдей емізеді.
Емдеуді жалпы ем жасаудан бастап, симптоматикалық ем қолданды. Та- 
нау ішін күнде кали пермангантымен (1:1000), фурацилинмен (1:5000), рива- 
нолмен (1:1000), 0,5-1% лизолмен немесе 2% натрий гидрокарбанатымен жу- 
ып тазалайды. Бұл ерітінділер қабынуға қарсы антисептикалық жақсы эсер 
етеді. Егер сөл түйініндёгі абсцесса жұмсарып, жарьшғалы тұрса, оны жарып, 
іріңін ағызу қажет, ал қатты болса, оны тез жетілу үшін жылы булау қолда- 
нады. Жарылған абсцессаларды жоғарыда аталған антисептикалық ерітінділе- 
рмен жуып, АСД-ның 2-фракциясын жаққан жөн, болмаса Вишневский 
майын қолданады. Сақаудың жеңіл түрінде мал осы емдеуден-ақ жазылып 
кетеді.
Жалпы ем ретінде бұлшық етке 1 кг массасына 2 мың ӘБ пенциллин 
(0,5% новакаин ёрітіндісінде) немесе бициллин-3 қолданады. Дозасы Ікг 
массаға 12 мың ӘБ, күніне бір рет 3-4 тәулік бойы қатарына жіберіледі. 
Стрептококтың сезімтаидығына қарай басқа 'да антибиотиктер қолданады. 
Бүдан басқа көк тамырға күніне 150-200 мл, 4-5 тэулік бойына қатарынан.30% 
глюкозаның судағы ерітіндісіне араластырылған 33% этил спиртін 1% нор- 
сульфазол қосып жібереді.
Телімді ем ретінде сақауға қарсы антивирус қолданылады. Ол 18-20 
тэулік бойында ЕПС өсірілген қоздырушы лизаты. Лизатты қоздырушының 
жергілікті штамынан лабароторияда даярлайды. Жасагсған дэріні 50-100 мл 
дозада мойынға, бірнеше жерден тері астына жібереді. Ауырған мал жазыл- 
маса 2-4 тәуліктен кейін лизатты қайталап қолданады. Егер жүтқыншақ сөл 
түйіні шамадан тыс Ісініп, түншығу қаупі туса, онда кеңірдекті тесіп, трахео- 
томия жасайды.
Сақау асқынған жағдайда (күпті ауру) тері астында 20 мл 20% кофеин 
ерітіндісін жібереді, көк тамырға 10%-ды ІООмл хлорлы кальций ерітіндісін 
жібереді жэне 40%-ды 100 мл уротропин пайдаланады. Ішетін суынын 10 
литрін қышқылдатып 10 мл түз қышқылын косуға болады.
И ммунитет. Сақаумен ауырып жазылған жылқыларда қуатты, ұзаққа 
созылатын өмірлік иммунитет қалыптасады. Егер шаруашылыққа алыстан 
жылқы экелінбесе, малдың күйі жоғары, күтімі жақсы болса 5 жастан асқан 
жылқылар сақаумен қайталап ауырмайды. Табиғи жағдайда қоздырушысы 
мал денесінде сақталып, жылма жыл иммунитет дэрежесін көтеріп отырады. 
Ш аруаш ылыққа антигендік қасиеті өзгеше қоздыруш ысының басқадай ва-
346


рианты малмен әкелінсе, жылқының күйі төмен болған жағдайда сақау қай- 
тадан тарап, ұзаққа созылады жэне де жануарлар жасына қарамай түгел ауы- 
рады. Сақауға қарсы қолдан егіп, иммунитет тудырар арнайы препарат әзірше 
жоқ. Дегенмен, қоздырушының иммунитеттік қасиеттері оны жасауға эбден 
болатынын көрсетеді жэне жүргізіліп, жатқан зерттеулер бірщама үміт күт- 
тірер нәтижелер беріп отыр.
Д ауалау және күресу ж олдары . Сақаудан сақтандыру үшін малдың 
күтімін төмендетпей, құнарлы жемшөппен қамтамасыз етіп, әсіресе қүлын- 
дардың күтімін бие байлау, құлын бөлу кезінде, сол уақыттағы аса ыстықган 
немесе суықган қорғап, сақтандыру қажет.
Аурудың малмен келмеуі үшін сырттан келетін жылқыны сақау жоқ 
жерлерден алу қажет. Ал әкелінген жылқыларды дауалау карантинінде 30 күн 
ұстайды. Жалпы жылқыны айына бір мэрте клиникалық байқаудан өткізіп 
тұру керек, ал қораларды тазалап, жазғытұрым жэне күзде дауалау дезинфек- 
циясын жасайды.
Сақау шыға қалған жағдайда жылқы фермасын сау емес деп жариялагі, 
мал алып-беруге, жемшөп тасуға шектеу қояды. Әрбір зкылқыны клиникалық 
тексеріп, дене қызуын өлшеп шығады. Ауру жылқыларды бөліп, жеке ұс- 
тайды, қалғанын күя сайыы тексеріп отырады, күтімін жақсартып, бір-бірімен 
араластырмайды. Қораны, оның айналасын тазалап, көңді биотермиялық за- 
рарсыздандырудан өткізеді. Ауру малдар түрған қораларды жүмасына бір рет 
дезинфекциялап түрады.
Жазылған малдарды жұмысқа біртіндеп жегеді, ал сау малдарды байқап 
пайдаланады. Щаруашылықты індеттен сау деп ең соңғы ауру жылқы жазыл- 
ған соң 15 күннен кейін хабарлайды. Ал шектеуді қорытынды ветеринария- 
лық-санитариялық шараларды іске асырған соң барып алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет