Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет268/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

341
I


Тапсырма
Мандам байқапған кезде ат әбзелдерін (жүген, ноқта, ер-тоқым, қамыт 
сайман, қамшы, т.б.) қалай зарарсыздандыратынын түсіндіріңіз.
11.3. Сақау
Сақау 
(Adenitis equorum,
мыт) - жіті өтетін, мал денесінің ыстығы 
көтеріліп, танау мен жұтқыншақтың кілегейлі қабығы іріңді-катарлы қабы- 
нып жэне жақ асты сөл түйіндері абсцессаға айналуымен ерекшеленетін жыл- 
қының жұқпалы ауруы.
Тарихи деректер. 
Жылқының 
сақауы туралы тұңғыш хабарламаны 
1664 ж Зоалейзель жазды. Дегенмен, бұдан кейін де ұзақ уақыт оны маңқамен 
шатастырған теріс ұғым сақталды. Сақаудың жұқпалы ауру екендігін 1888 ж 
Шютц анықтады. Ол ауру қоздырушы стрептококтарды бөліп аЛды. Алайда 
кейбір зерттеушілер (Ресейде) сақау вирустық ауру деп жорамалдап, стреп- 
тококтарды 
қосалқы 
микроорганизмдерге 
жатқызды. 
Бірақ, 
1930 
ж 
И.Я.Садовский жэне басқачар тәжірибеде стрептококтарды құлынға жіберіп, 
олардың ауру қоздырушысы екенін қуаттады. Қазіргі уақытта сақау дүние- 
жүзінің барлық елдерінде кең тараған.
Қоздырушысы 
-
Streptococcus equi
- домапақ немесе сопақша микро- 
организм. Сөл түйіндері мен іріңнен алынған жағындыда стрептококтар ұзын, 
тізбектелген моншақ тэрізді, бір-біріне түйіскен жағынан қысыңқы болып, ал 
жасанды коректік ортадағы өсіндіде (ЕПА) тізбегі қысқа, тұлғасы домапақ 
болады. Сақау стрептококтары қозғалмайды, спора түзбейді, анлинді бояулар- 
мен жэне Гимза бояуымен боялады, 
ал
қоңыр акридинмен (2мин.) эр түске 
(стрептокок - қызыл, басқа микробтар көк түсті) боялады. Жаңа бөлінген 
штамдар қауашақ түзеді, ол өзгертілген Бурри әдісімен бояғанда көрінеді. 
Стрептокок жартылай ауасыбағалы, кәдімгі қоректік орталардың бэрінде 
өседі, 10-20% жылқы қанының сарысуы қосылған ортада тұлғасы өзгермей 
жақсы өседі. Қан қосылған агарда қанды ерітеді, өсу кезінде гемотоксин, 
лейкотоксин, агрессин бөліп шығарады.
Төзімділігі. 
Кепкен іріңде сақау қоздьфушысы 6 ай, қөңде 4 апта, ал 
пішенде, теріде, жүнде 22 күнге дейін сақталады. 75°С-қа дейін қыздьфғанда 
1 сағатта, қайнатқанда бірден өледі, 5% карбол қышқылының ерітіндісі. 2% 
формалин, 3% креолин сақау стрептокогін 10-15 мин. өлтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   264   265   266   267   268   269   270   271   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет